Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбiр қаулыларының күшi жойылды деп тану туралы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 309 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбiр қаулыларының күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | Е. Сұлтанов |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 20 тамыздағы
№ 309 қаулысына қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбiр күшi жойылған қаулыларының
тізбесі
1. «Мал шаруашылығы саласында мемлекеттік қызмет қөрсету регламенттерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 60 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2681 болып тіркелген және 2014 жылғы 13 мамыр «Солтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған);
2. «Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы туристік ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 169 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2849 болып тіркелген және 2014 жылғы 26 шілде «Солтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған);