«Жамбыл облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтарды айқындау туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 266 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 77 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексінің 264 бабы 1 тармағына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жамбыл облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтарды айқындау туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 266 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4067 болып тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 2019 жылғы 10 қаңтарда жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы «Жамбыл облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтарды айқындау туралы» мынадай мазмұндағы 3 тармақпен толықтырылсын:
| 3. | Меркі | 1 | 1 | 73 | 27 | 34,524 | 42 | 43 | 31,337 | 2 | Меркі ауданы |
| 2 | 73 | 27 | 41,937 | 42 | 43 | 27,895 |
| 3 | 73 | 27 | 39,574 | 42 | 43 | 24,968 |