Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясының құрамын бекіту және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 478 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 215 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясы туралы Ереженің 2, 6, 7, 8, 12-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясының мүшелігіне кандидаттарды іріктеу жөніндегі жұмыс тобының 2024 жылғы 11 шілдедегі хаттамасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясының құрамы бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті осы бұйрық бекітілген күннен бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында күнтізбелік бір күн ішінде орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2024 жылғы 24 шілдедегі
№ 478 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясының құрамы
| |
| Ержан Шәкірұлы Нұрлыбаев | - | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, Формулярлық комиссияның төрағасы |