Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 85 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 162 шешімі
Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 85 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10138-10 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылдың 15 ақпанынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
| Арқалық қалалық мәслихатының төрағасы | Г. Елтебаева |
Арқалық қалалық мәслихатының
2025 жылғы 24 сәуірдегі
№ 162 шешіміне
қосымша
Мәслихаттың
2023 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 85 шешіміне
1-қосымша
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидалары
1. Жалпы ережелер