Ақтау қаласы аумағында кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 1073 Қаулысы
Осы редакция 2021 жылғы 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабының 4, 6-тармақтарына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар берілсін.
2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес Ақтау қаласының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
3. «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысының міндетін атқарушы Г.Сулейманова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Д. Бегендіковке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі.
Ақтау қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 20 мамырдағы
№ 1073 қаулысына
1-қосымша
Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар
| Елді мекеннің атауы | Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар |
| Ақтау қаласы | 1. Ақтау қаласы әкімдігінің жедел басқару құқығындағы «Абай атындағы мәдени-демалыс кешені» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, 4 шағынаудан. |
| 2. Ақтау қаласы әкімдігінің «Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығы» мәдени-демалыс кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 6 шағынаудан. |
| 3. Достық үйі, 34 шағынаудан. |