«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 85 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 14 мамырдағы № 126 Қаулысы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 85 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі (бұдан әрі - ереже) осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) жоғарыда көрсетілген ережені заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.