Қазақстан Республикасының Президентін, Парламент Мәжілісі және Сенат, мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын, сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды анықтау туралы
Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 33/08 Қаулысы
Осы редакция 2017 жылғы 29 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28 бабының 4, 6 тармақтарына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Президенті, Парламент Мәжілісі және Сенат, мәслихаттардың депутаттары болуға үміткерлердің сайлаушылармен кездесуі үшін 1 қосымшаға сәйкес үй-жайлар берілсін.
2. Қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп (А.М. Ғазалиев - келісім бойынша) үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін 2 қосымшаға сәйкес орындар анықталсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазыбек би атындағы ауданның әкімі Р.Х. Қабжановқа және Октябрь ауданының әкімі Е.О. Темірхановқа жүктелсін.