Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 43 бұйрығы
Осы редакция 2017 жылғы 25 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және сату бойынша қызметпен айналысу үшін лицензия беру»;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеуге және өткізуге (оның ішінде өзге де жолдармен беруге) лицензия беру»;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Ақпарат таралып кететін арналарды және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру»;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге және Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беретін құжат) беру»;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Шифрлау (криптографиялық) құралдарын Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге және Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беретін құжат) беру»;