2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 24/232-VII шешімі
(2023.12.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 19 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9 бабының 2 тармағына, 75 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2023.12.05. № 2/7-VIII шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Түркістан қаласының 2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кiрiстер – 101 649 325 мың теңге:
салықтық түсiмдер – 16 717 855 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер – 610 378 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 25 331 003 мың теңге;
трансферттер түсiмі – 58 990 089 мың теңге;
2) шығындар – 79 045 346 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – 0:
бюджеттік кредиттер – 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 287 157 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 287 157 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы – 22 316 822 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – - 22 316 822 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0;
қарыздарды өтеу – 22 424 621 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 107 799 мың теңге.
Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2023.12.05. № 2/7-VIII шешімімен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. 2023 жылға корпоративтік табыс, жеке табыс салықтар және әлеуметтік салық түсімдерінің жалпы сомасын бөлу нормативтері: