Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 28 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 6 қазандағы № 45 Қаулысы
Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі - КВИ) таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 28 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСД-ның № 28 қаулысы) мынадай өзгерістер енгізілсін:
ҚР БМСД-ның № 28 қаулысының 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес құжаттардың үлгілеріне сәйкес Аргентина Республикасы, Мажарстан, Грузия, Иран Ислам Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Молдова Республикасы, Сан-Марино Республикасы, Қырғыз Республикасы, Моңғолия, Таиланд, Түркия Республикасы және Эстония Республикасы азаматтарының вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын.».
2. ҚР БМСД-ның № 28 қаулысына 3-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
| Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері | Е. Қиясов |
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2021 жылғы 6 қазандағы
№ 45 қаулысына
қосымша
Аргентина Республикасының КВИ-ге қарсы вакцинация
паспортының/сертификатының/анықтамасының үлгісі

Мажарстанның КВИ-ге қарсы вакцинация
паспортының/сертификатының/анықтамасының үлгісі

Грузияның КВИ-ге қарсы вакцинация
паспортының/сертификатының/анықтамасының үлгісі

Иран Ислам Республикасының КВИ-ге қарсы вакцинация
паспортының/сертификатының/анықтамасының үлгісі


Армения Республикасының КВИ-ге қарсы вакцинация
паспортының/сертификатының/анықтамасының үлгісі

Беларусь Республикасының КВИ-ге қарсы вакцинация
паспортының/сертификатының/анықтамасының үлгісі

Молдова Республикасының КВИ-ге қарсы вакцинация
паспортының/сертификатының/анықтамасының үлгісі

Сан-Марино Республикасының КВИ-ге қарсы вакцинация
паспортының/сертификатының/анықтамасының үлгісі





Қырғыз Республикасының КВИ-ге қарсы вакцинация
паспортының/сертификатының/анықтамасының үлгісі

Моңғолияның КВИ-ге қарсы вакцинация
паспортының/сертификатының/анықтамасының үлгісі

Таиландтың КВИ-ге қарсы вакцинация
паспортының/сертификатының/анықтамасының үлгісі



Түркия Республикасының КВИ-ге қарсы вакцинация
паспортының/сертификатының/анықтамасының үлгісі

Эстония Республикасының КВИ-ге қарсы вакцинация
паспортының/сертификатының/анықтамасының үлгісі
