Бейбіт жиналыстарды өткізудің кейбір мәселелері туралы
Түркістан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 шілдедегі № 17/2 шешiмi
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы « Қазақстан Республикасының Заңының 8 - бабы, 2 -тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес, Ордабасы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ордабасы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындары осы шешімнің 1- қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Ордабасы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық - техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3. Ордабасы ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
4. Түркістан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану туралы» 2020 жылғы 23 маусымдағы № 65/16 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5710 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | Б. Джумабеков |
Түркістан облысы
Ордабасы аудандық мәслихатының
2024 жылғы 26 шілдедегі
№ 17/2 шешіміне 1 қосымша
Ордабасы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
1. Ордабасы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:
Ордабасы ауданы Темірлан ауылының «Қажымұқан» атындағы стадион, Жепаев көшесі 1/1.
2. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты:
Ордабасы ауданы Темірлан ауылының А.Мұсаев және Жепаев көшелерінің қиылысынан бастап, Жепаев көшесінің бойымен Жепаев және Қазыбек би көшелерінің қиылысына дейінгі аралық.
Түркістан облысы
Ордабасы аудандық мәслихатының
2024 жылғы 26 шілдедегі
№ 17/2 шешіміне 2 қосымша