Ерiктi және мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларының есептер мен қосымша ақпаратты беру нысандарын, мерзімдерін және кезеңділігін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 65 Қаулысы
(2020.23.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 24 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мынадай ерiктi және мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (бұдан әрі - таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы) тарату комиссияларының есептер мен қосымша ақпаратты беру нысандары бекітілсін:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланстан тыс шоттары бойынша есептің нысаны;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерінің жай-күйі туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес таратылатын сақтандыру ұйымы міндеттемелерінің жай-күйі туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес таратылатын қайта сақтандыру ұйымы міндеттемелерінің жай-күйі туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының теңгемен ағымдағы шоты бойынша ақша қозғалысы туралы есептің нысаны;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шетел валютасымен ағымдағы шоты бойынша ақша қозғалысы туралы есептің нысаны;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының теңгемен касса бойынша ақша қозғалысы туралы есептің нысаны;
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дебиторлық берешегін өндiрiп алу туралы есептің нысаны;