Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2023 жылғы 9 қарашадағы № 9-4 «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2024 жылғы 31 мамырдағы № 17-3 шешімі
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 9 қарашадағы № 9-4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7616-15 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
3-тармақ алып тастылсын;
жоғарында көрсетілген шешіммен бекітілген, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары, осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының төрағасы | Е. Жакенов |
Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы мәслихатының
2024 жылғы 31 мамырдағы
№ 17-3 шешіміне
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы мәслихатының
2023 жылғы 9 қарашадағы
№ 9-4 шешімімен
бекітілді
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер