Көкшетау қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 19 қыркүйектегі № С-14/3 шешімі
(2018.20.03. берілген өзгерістермен)
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № С-25/4 шешімімен күші жойылды
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2018.20.03. № С-19/11 шешімімен тақырыбы жана редакцияда (бұр.ред.қара)
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2018.20.03. № С-19/11 шешімімен кіріспе жана редакцияда (бұр.ред.қара)
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 546-бабына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2018.20.03. № С-19/11 шешімімен 1-тармақ жана редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Көкшетау қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері белгіленсін.