Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау фактілерін және іс-әрекеттерін тіркеудің техникалық құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 349 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнің 70 - бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау фактілерін және іс-әрекеттерін тіркеудің техникалық құралдарының заттай нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақпараттандыру және байланыс департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның электрондық түрдегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңңама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін;