Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № а-4/172 Қаулысы
(2020.01.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Ақмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 25 шілдедегі № А-7/389 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Ақмола облысы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Е. Мысырәлімоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
| Ақмола облысының әкімі | Е. Маржикпаев |
Ақмола облысы әкімдігінің 2021.01.02. № А-2/36 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Ақмола облысы әкімдігінің
2020 жылғы 2 сәуірдегі
№ а-4/172 қаулысына
1-қосымша
Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы
| № | Арнайы тұрақты үй-жайлардың атауы | Арнайы тұрақты үй-жайлардың мекенжайлары |
| Бурабай ауданы |
| 1. | «Мир книг» кітап дүкені | Щучинск қаласы, Әуезов көшесі, 44 |
| 1-1. | тұрақты үй-жай | Щучинск қаласы, Сарыжайлау көшесі, 8 «а» |
| Жақсы ауданы |
| 2. | «Жақсы» дүкені | Жақсы ауылы, Жақыпов көшесі, 86 |
Ақмола облысы әкімдігінің
2020 жылғы 2 сәуірдегі
№ а-4/172 қаулысына
2-қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының
тізбесі