Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 190 Қаулысы
(2024.30.01. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексін және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
2. «Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ә.Т.Әбенова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Т. Қонысбаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы
М. Құлшар
« 19 » шілде 2019 жыл
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2019 жылғы 2 тамыздағы
№ 190 қаулысына
қосымша