«Ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 10 ақпандағы № 21 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2025 жылғы 5 маусымдағы № 13 бұйрығы
1. «Ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 10 ақпандағы № 21 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20030 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
28) және 29) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«28) «Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында ауыл шаруашылығы мақсатындағы құрылыстар мен құрылысжайлардың болуы» индексі 49-сх, кезеңділігі үш жылда бір рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес;
29) «Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында ауыл шаруашылығы мақсатындағы құрылыстар мен құрылысжайлардың болуы» (индексі 49-сх, кезеңділігі үш жылда бір рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес;»;
жоғарыда көрсетілген бұйрыққа 20-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
жоғарыда көрсетілген бұйрыққа 28 және 29-қосымшалар осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Стратегиялық жоспарлау және әдіснамалық үйлестіру департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен: