Тимирязев аудандық мәслихатының 2024 жылғы 17 мамырдағы № 16/19 «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының 2025 жылғы 12 мамырдағы № 24/21 шешімі
Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2024 жылғы 17 мамырдағы № 16/19 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7757-15 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімге 1-қосымшада:
7 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) және/немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталына мынадай құжаттарды ұсына отырып жүгінеді:
1) Мемлекеттік корпорацияға:
Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (түпнұсқасы жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);
отбасының табысын растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз тұлға ретінде тіркелгені туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
банктік шоты;
тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;