Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 23 шілдедегі № 293 Қаулысы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысы әкімдігінің
2024 жылғы 23 шілдедегі
№ 293 қаулысына
қосымша
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға
2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы