Семей қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 47/310-VI шешімі
Осы редакция 2020 жылғы 3 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 35/389-VІ «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6427 болып тіркелген) шешіміне сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2020-2022 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 51 232 330,0 мың теңге:
салықтық түсімдер - 20 978 966,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 98 755,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 2 238 403,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 27 916 206,0 мың теңге;
2) шығындар - 49 154 028,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 23 319,0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 31 812,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 8 493,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - -248 423,0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 248 423,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 2 303 406,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - -2 303 406,0 мың теңге:
қарыздар түсімі - 31 812,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 2 335 218,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0,0 мың теңге.
2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резерві - 278 710,0 мың теңге сомасында бекітілсін.