Атырау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 16 шілдедегі № 343-VІ «Атырау облысындағы жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Атырау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 20 маусымдағы № 163-VII шешімі
Атырау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Атырау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 16 шілдедегі № 343-VІ «Атырау облысындағы жерлеу және қабірлерді қарап - күту жөніндегі істі ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4475 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
қосымшада:
көрсетілген шешіммен бекітілген Атырау облысындағы жерлеу және қабірлерді қарап - күту жөніндегі істі ұйымдастырудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат хатшысы | Ә.Нәутиев |
Атырау облыстық мәслихатының
2022 жылғы 20 маусымдағы
№ 163-VII шешіміне қосымша
Атырау облыстық мәсихатының
2019 жылғы 16 шілдедегі
№ 343-VI шешімімен бекітілген
Атырау облысындағы жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастырудың
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Атырау облысындағы жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастырудың қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 48 «Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18771 тіркелген) сәйкес әзірленді және жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың тәртібін айқындайды.