Курсанттарды, кадеттерді, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді және резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасы шегінде өз мүлкін жеткізу үшін бюджет қаражаты есебінен ақша төлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 404 бұйрығы
(2025.24.05 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қорғаныс министрінің 2019.17.05. № 347 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2025.05.05. № 517 бұйрығымен (2025 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Қорғаныс министрінің 2023.28.12. № 1380 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 15 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 8-тармағына және 50-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қорғаныс министрінің 2019.17.05. № 347 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2025.05.05. № 517 бұйрығымен (2025 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған Курсанттарды, кадеттерді, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді және резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасы шегінде өз мүлкін жеткізу үшін бюджет қаражаты есебінен ақша төлеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тылы және қару-жарақ бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;