Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1133 бұйрығы
Осы редакция 2016 жылғы 9 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 159-бабына, 292-бабының 1-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабына сәйкес сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімнің нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптар;
2) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес инвестициялық келісімшартты орындау туралы жартыжылдық есептің нысаны;
3) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес инвестициялық келісімшарттың жұмыс бағдарламасын орындаудың ағымдағы жай-күйінің актісінің нысаны бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының кейбір бұйрықтарының күші жойылды дел танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті (Е.Қ. Хаиров):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және Әділет ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;