Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 17 ақпандағы № 18 «Батыс Қазақстан облысы бойынша 2021 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 282 Қаулысы
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 17 ақпандағы № 18 «Батыс Қазақстан облысы бойынша 2021 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6830 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Батыс Қазақстан облысы бойынша 2021 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Батыс Қазақстан облысының әкімі | Г. Искалиев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2021 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 282 қаулысына қосымша
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2021 жылғы 17 ақпандағы
№18 қаулысымен бекітілген
Батыс Қазақстан облысы бойынша 2021 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша
субсидиялар көлемдері
| № | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | Субсидия көлемі | Субсидия сомасы, мың теңге |
| Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы |
| 1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: |