Введите номер документа
Прайс-лист

«Директивтік кредиттер және өзара қарызды ішкіреспубликалық есептеу нәтижесі бойынша берілген кредиттер жөніндегі заңды тұлғалардың берешектерін сату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 мамырдағы № 652 Қаулысы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
«Директивтік кредиттер және өзара қарызды ішкіреспубликалық есептеу нәтижесі бойынша берілген кредиттер жөніндегі заңды тұлғалардың берешектерін сату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 мамырдағы № 652 Қаулысы

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Gold+, Bin+, Silver+, Юрист-VIP

Директивтiк кредиттер және өзара қарызды iшкiреспубликалық есептеу
нәтижесi бойынша берiлген кредиттер жөніндегі заңды тұлғалардың
берешектерiн сату туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 28 мамырдағы № 652 Қаулысы

 

«1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2700 Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн және директивтiк кредиттер мен өзара қарызды iшкiреспубликалық есептеу нәтижесi бойынша берiлген кредиттер жөніндегі берешектердi қайтару мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта құру жөніндегі агенттiк заңды тұлғалардың директивтiк кредиттер және өзара қарызды iшкiреспубликалық есептеу нәтижесi бойынша берiлген кредиттер жөніндегі берешектердi сату жөніндегі уәкiлдi орган болып белгiленсiн.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта құру жөніндегі агенттiк Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бiрлесiп, 20 күндiк мерзiмде заңды тұлғалардың қарыздарына саудаластық жүргiзу тәртібі туралы ереженi әзiрлеп, бекiтсiн.

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта құру жөніндегі агенттiк арқылы заңды тұлғалардың директивтiк кредиттер және өзара қарызды iшкiреспубликалық есептеу нәтижесi бойынша берiлген кредиттер жөніндегі берешектерiн сатуға әзiрлеудiң қоса берiлiп отырған Тәртібі бекітілсiн.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

 1996 жылғы 28 мамырдағы

 № 652 қаулысымен

 бекітілген

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару

жөніндегі мемлекеттік комитетi жанындағы Кәсiпорындарды

қайта құру жөніндегі агенттiк арқылы заңды тұлғалардың

директивтiк кредиттер және өзара қарызды iшкiреспубликалық

есептеу нәтижесi бойынша берiлген кредиттер жөніндегі

берешектерiн сатуға әзiрлеу тәртібі

 

I. Заемшы кәсiпорындардың директивтiк кредиттер

бойынша қарыздарын реттеу тәртібі

 

ҚР Үкіметінің 1997.06.05. № 795 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді

1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заемшы кәсiпорындардың директивтiк кредиттер бойынша қарыздарын реттеу мақсатында директивтiк кредиттерге қызмет көрсететiн екiншi деңгейдегi банктерге (бұдан әрi - банктер) мыналарды ұсынсын:

а) кредиттi пайдаланған уақытының барлығына жылына 10 процент өсiм есептей отырып, банктерге заңды тұлғалардан берешектi толық көлемiнде төлеттiру құқығын бере отырып, заңды тұлғалардың бiр бөлiгiнiң негiзгi қарыз сомасындағы берешегiн iрiктеп сатып алу;

б) келiскен жағдайда банктер берешегi негiзгi қарыз сомасы мен кредиттi пайдаланған барлық уақытында жылына 10 процент өсiм сомасында өтеуге жататын заңды тұлғалардың тiзбесiн облыстық қаржы басқармалары бекiткен есеп-қисаппен қоса жасасын. Бұл тiзбенi банктер 1997 жылдың 30 мамырына дейiн Қазақстан Республикасының қаржы министрлігіне жiберуi үшiн облыстық қаржы басқармаларына берсiн.

в) 1997 жылдың 30 мамырына дейiн банктер заңды тұлғалар берешектерiн әрбiр сатып алу бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң облыстық басқармасымен шарт жасассын (1-қосымша).

Банк өтеген кезде әрбiр заңды тұлға бойынша негiзгi қарыз бен кредиттi пайдаланған барлық уақытында жылына 10 процент өсiм мөлшеріндегі берешек сомасын Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі банк берешегiнiң сомасын осы заңды тұлғаның жалпы берешегiнiң сомасына (негiзгi қарыз және барлық бұрын есептелген проценттер) кемiтсiн;

г) берешегiн сатып алу мақсатқа сай емес деп танылған заңды тұлғалар бойынша банктер 20 күн мерзiмде облыстық қаржы басқармаларына қабылдау-өткізу актiсi бойынша мынадай құжаттарды бередi:

шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң берешегiне билiк жасау құқығы туралы Қазақстан Республикасының қаржы министрлігіне сенiм хат (2-қосымша);

кредиттiк шарттар (банк - заемшы кәсiпорын, түпнұсқа);

кепiлмен қамтамасыз ету туралы құжаттар.

Банктер осы Тәртiптiң барлық шарттарын орындаған жағдайда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі банктiң барлық берешегiн баланстан тыс есептеуден алып тастасын.

2. Облыстық қаржы басқармалары 20 күн мерзiмде берешегiн банктер сатып алмайтын заңды тұлғаларға (3-қосымша) мыналар ұсынылсын:

а) берешектердi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта құру жөніндегі агенттiк (бұдан әрi - Агенттiк) арқылы өткiзiлетiн саудаластық арқылы сату туралы келісім жасасу (4-қосымша);

б) 20 күн мерзiмде заңды тұлғалармен жасалған келісімдердi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жiберу;

в) келісім жасамаған немесе жасаудан бас тартқан шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге талап қою (5-қосымша);

г) талап шарттарын орындаудан бас тартқан жағдайда Қазақстан Республикасының тиiстi соттарының шаруашылық iстерi жөніндегі алқаларына талап арызын беру (6-қосымша), сот органдарының аталған шаруашылық жүргiзушi субъектiлер бойынша тиiстi шешiмдерi осы кәсiпорындар бойынша қарыздарды сату құқығына сенiм хат, сондай-ақ кредиттiк шарттар, кепiлмен қамтамасыз ету құжаттары соттардың шешiмдерiн орындау жөнiнде шаралар қабылдау үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жiберiледi.

 

II. Заемшы кәсiпорындардың өзара қарызды iшкiреспубликалық

есептеу нәтижесi бойынша берiлген кредиттер жөніндегі

қарыздарын реттеу тәртібі

 

ҚР Үкіметінің 1997.06.05. № 795 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді

3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заемшы кәсiпорындардың өзара қарызды iшкiреспубликалық есептеу нәтижесi бойынша берiлген кредиттер жөніндегі қарыздарын реттеу мақсатында осы кредиттерге қызмет көрсететiн банктерге мыналарды ұсынсын:

а) кредиттi пайдаланған уақытының барлығына жылына 10 процент өсiм есептей отырып, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі банктерге заңды тұлғалардан берешектi толық көлемiнде алу құқығын, сондай-ақ кепiлге берiлген мүлiкке алу құқығын бере отырып, заңды тұлғалардың бiр бөлiгiнiң негiзгi қарыз сомасындағы берешегiн iрiктеп сатып алу;

б) келiскен жағдайда банктер берешегi негiзгi қарыз сомасы мен кредиттi пайдаланған барлық уақытына жылына 10 процент өсiм сомасында өтеуге жататын заңды тұлғалардың тiзбесiн облыстық қаржы басқармалары бекiткен есеп-қисаппен қоса жасасын. Бұл тiзбенi банктер 20 күн мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының қаржы министрлігіне жiберуi үшiн облыстық қаржы басқармаларына берсiн;

в) 20 күн мерзiмде банктер заңды тұлғалар берешектерiн әрбiр сатып алу бойынша Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінiң облыстық басқармасымен шарт жасассын (1 а-қосымша);

Банк өтеген кезде әрбiр заңды тұлға бойынша негiзгi қарыз бен кредиттi пайдаланған барлық уақытына жылына 10 процент өсiм мөлшеріндегі берешек сомасын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы қаржы министрлігімен жасалған кредиттiк шарттың сомасы бойынша банк берешегiнiң сомасын осы шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң жалпы берешегiнiң сомасына (негiзгi қарыз және барлық бұрын есептелген проценттер) кемiтсiн;

г) берешегiн банктер өтемейтiн заңды тұлғалар банктерге (2 а-қосымша) заңды тұлғаның берешегiн Агенттiк өткiзетiн саудаластықтан сату туралы келісім жасау ұсынылсын (3 а-қосымша);

д) жасалған келісім мен банк сенiм хат (4 а-қосымша) Қазақстан Республикасының қаржы министрлігіне жiберу үшiн 20 күн мерзiмде облыстық қаржы басқармасына берiлсiн;

е) келісім жасамаған немесе жасаудан бас тартқан барлық заңды тұлғалар бойынша банктер қаржы басқармаларымен бiрге банктiң атынан талап қою (5 а-қосымша);

ж) талап шарттарын орындаудан бас тартқан жағдайда облыстық қаржы басқармаларымен бiрге банктiң атынан Қазақстан Республикасы тиiстi соттарының шаруашылық iстерi жөніндегі алқаларына талап арызын беру (6 а-қосымша), сот органдарының заңды тұлғалар бойынша тиiстi шешiмдерi, сондай-ақ осы шаруашылық жүргiзушi субъектiлер бойынша қарыздарды сату құқығына банктiң сенiм хат соттарының шешiмдерiн орындау жөнiнде шаралар қабылдау үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жiберiледi.

Банктер осы тәртiптiң барлық шарттарын орындаған жағдайда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі банктiң барлық берешегiн баланстан тыс есептеуден алып тастасын және олармен бұрын жасалған кредиттiк келісімдердiң күшiн жойсын.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі аталған шарттар бойынша шешiмдер қабылданбаған жағдайда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен кредиттiк шарттар жасаған банктерден берешектердi банктердiң корреспонденттiк шоттарынан толық көлемде (проценттер мен өсiмдi есепке ала отырып) алып қоюға сот органдарына шағымдансын.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:

10 күн мерзiмде заемшы кәсiпорындардың қарыздарын реттеу жөніндегі тиiстi облыстық қаржы басқармаларына өкiлеттiк берсiн;

1996 жылдың 20 қыркүйегiне дейiнгi мерзiмде және директивтiк кредиттер мен өзара қарызды iшкiреспубликалық есептеу нәтижесi бойынша берiлген кредиттер жөніндегі қарыздарды сатуға қажеттi тиiстi құжаттарды олардың түсуiне қарай Агенттiкке беретiн болсын, сондай-ақ қарыздарды сату тәртібі туралы шартта жасассын.

 

 

ҚР Үкіметінің 1996.22.08. № 1045 қаулысымен мазмұн III тараумен толықтырылды

 

III. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi жанындағы

Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөніндегі агенттiк саудаластығына қойылған заңды

тұлғалардың есептесу тәртібі

 

4. Заңды тұлғалардың директивтiк кредиттер және өзара қарыздарды iшкiреспубликалық есептесу нәтижесi бойынша берiлген кредиттер жөніндегі талап қоюға ұсынылған берешектер көлемi кредиттiк шарттарға сәйкес есептеледi.

5. Заңды тұлғалардың Агенттiк саудаластығына қойылған директивтiк кредиттер жөніндегі берешектер көлемi негiзгi қарыздар мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң арнаулы қарыз шотына дебеттелген проценттер сомасынан, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қолданылып жүрген қайта қаржыландыру ставкасы бойынша дебеттелген негiзгi қарыз сомасына қосымша проценттен құралады.

6. Агенттiктiк саудаластығына қойылған өзара қарыздардың iшкiреспубликалық есебiнiң нәтижелерi бойынша берiлген кредиттер бойынша заңды тұлғалардың берешектерiнiң көлемi аталған кезеңде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолданылып жүрген қайта қаржыландыру ставкалары бойынша есептелген негiзгi қарыз бен проценттердiң сомасынан қалыптасады, бұған баланстан тыс есепке жатқызылған сәттен бастағандағы жылдық проценттердiң 20 процентi қосылады.

7. Есептесулер 1996 жылғы 15 қыркүйектегi жағдай бойынша әзiрленедi.

 

1, 1а қосымша

 

ШАРТ

 

Алматы қаласы                    

1996 жыл «__»_____________

 

Ереже негiзiнде iс-қимыл жасайтын, бұдан әрi «Қаржыминi» деп аталатын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі атынан облыстық қаржы басқармасының бастығы ____________________ және Жарғы негiзiнде iс-қимыл жасайтын, бұдан әрi «Банк» деп аталатын

«____________________» акционерлік банкi атынан басқарма төрағасы________________төмендегiлер туралы осы шартты жасады.

 

1. Шарттың мәнi

 

1.1. Банк бұрын жасалған кредиттiк шарттар бойынша, атап айтқанда, кредиттi пайдаланудың барлық уақытында (қосымшаға сәйкес, қосымша осы шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады) негiзгi қарыздың сомасы есебiнен 10 проценттiк жылдық аударымымен тiкелей заемшылар үшiн Қаржыминi алдындағы берешегiн өтеудi жүргiзедi.

 

2. Тараптардың мiндеттерi

 

2.1. Банк 1996 жылғы __________________дейiнгi мерзiмде негiзгi қарыздың сомасында кредиттi пайдаланудың барлық уақытында 10 проценттiк жылдық аударымымен тiкелей заемшылар үшiн (қосымшаға

сәйкес)

_______________________________________________

___________________________________________теңгенi құрайтын

____________________ақшалай қаржыны Қаржыминiнiң шотына аударуға мiндеттi.

2.2. Қаржыминi төлем тапсырмасымен расталған ақшалай қаражаттың түсуi негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы «___»

__________________ № ____қаулысымен бекітілген тәртiпке сәйкес Банк берешегiн азайтуды жүргiзедi.

 

3. Тараптардың жауапкершiлiгi

 

3.1. Банк Қаржыминiнiң шотына ақшалай қаражатты уақтылы аудармаған жағдайда әрбiр кешiктiрген күн үшiн осы шарттың 2.1.-тармағына сәйкес жалпы соманың ________% есебiнде өсiм төлейдi, бiрақ ___________% артық емес.

3.2. Барлық даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.

3.3. Осы шарт бiрдей заңдылық күшi бар 2 (екi) данада жасалған.

3.4. Шарт оған қол қойған күннен бастап күшiне енедi және тараптардың осы Шартта қарастырылған мiндеттемелерiн орындағанға дейiн қолданылады.

3.5. Осы Шартқа өзгертулер мен толықтырулар тараптардың келісімi бойынша жазбаша түрде қабылданады.

3.6. Осы шартты бiр тарапты бұзуға жол берiлмейдi.

 

4. Тараптардың заңдық мекен-жайы

 

 Қазақстан Республикасының

 Қаржы министрлігі

________________________

________________________

________________________

 

 Акционерлік Банк

 
__________________
__________________

______________________

                   

 

2 қосымша

 

СЕНIМХАТ

 

__________қаласы                     

1996 жыл «___»_________

 

«__________________» акционерлік банкi осы сенiмхатпен 199__жылғы «  »

 

_______________ № ______кредиттiк шартқа сәйкес

______________________________________________________________

                                          теңге сомасындағы

_______________________________________________берешегiн иелiк етуге

(борышқор-шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң атауы)

 

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне сенiм бiлдiредi.

Осы сенiмхат Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң жанындағы Кәсiпорындарды қайта

ұйымдастыру жөніндегі агенттiк ұйымдастыратын қарыздар саудаластығының бүкiл кезеңiнде күшiн сақтайды.

 

Басқарма төрағасы

 

Бас бухгалтер                        ____________________

 

2а қосымша

 

ХАБАРЛАМА

 

                                        _________________________

                                        _________________________

                                        _________________________

                                        _________________________

     ___________қаласы          1996 жыл « » ____________________

 

     ____________________акционерлік банкi 199__жылғы _________

     ____ № __________кредиттiк шартқа сәйкес жалпы сомасы_______

     ______________________________________________теңгеге

     Сiздiң берешегiңiз Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң жанындағы Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөніндегі агенттiк арқылы өткiзiлетiн қарыздар саудаластығына қойылғаны туралы хабарлайды.

     Осыған байланысты Сiзге 5 күндiк мерзiмде келісім жасау ұсынылады.

 

Басқарма төрағасы

______________                           _______________

 

М.О.

 3 қосымша

 

ХАБАРЛАМА

 

                                        _________________________

 

 

                                        _________________________

 

 

                                        _________________________

 

 

                                        _________________________

 

 

     ___________қаласы          1996 жыл « »___________________
 
 

     ____________________облқаржыбасқармасы 199__жылғы _________

     ____ № __________кредиттiк шартқа сәйкес жалпы сомасы_______

     ______________________________________________теңгеге

     Сiздiң берешегiңiз Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң жанындағы Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөніндегі агенттiгi арқылы өткiзiлетiн қарыздар саудаластығына қойылғаны туралы хабарлайды.

     Осыған байланысты Сiзге 5 күндiк мерзiмде келісім жасау ұсынылады.

 

     Облқаржыбасқармасының бастығы

     ______________                           _______________

      М.О.
 

4, 3а қосымша

 

КЕЛIСIМ

 

     ___________қаласы                  

«__»_____________1996 жыл

 

Бұдан әрi Қаржыминi деп аталатын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі___________________________ облыстық қаржы

басқармасының бастығы ___________________________________________

атына, бұдан әрi "Банк" деп аталатын ____________________________

_________________________________ акционерлік банкi басқарма

төрағасы ____________________________атынан және бұдан әрi

«Борышкер» деп аталатын _________________________________________ атынан осы келісімдi жасады.

1. Борышкер Банкінің алдындағы берешегiн қарыздарды жоюды жүзеге асырушы өкiлеттi орган - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң жанындағы Кәсiпорындарды қайта құру жөніндегі агенттiк арқылы жүзеге асыруға келісім бередi.

2. Проценттер мен есептелген айыппұлдың өсiмi ескерiлiп берешектi жоюға қойылған сома айқындалады және борышкер Банкi мен облыстық қаржы басқармасының тарапынан расталады, есептеу осы

келісімге қоса берiледi,_____________ қосымша.

3. Қарыздарды сатудың құны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң жанындағы Кәсiпорындарды қайта құру жөніндегі агенттiк ұйымдастыратын қарыздар саудасында аукциондық жолмен айқындалатын болады.

4. Осы келісім тараптардың келісімiнсiз өзгертуге жатпайды.

5. Осы келісім біреуi банкi үшiн, екiншiсi Борышкер үшiн, үшiншiсi - қаржы басқармасы үшiн, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне беру үшiн 3 данада жасалады.

 

     Қаржыминiнен            Банкiден             Борышкерден

     _____________          __________          ______________

     _____________          __________          ______________

 

5, 5а қосымша

                               __________________________

                                  (кәсiпорынның атауы)

                               __________________________

                                  (басшының аты-жөнi)

                               __________________________

                                  (заңды мекен-жайы)

     __________________________________________ сомаға

 

ТАЛАП

 

"  "______________№_______кредиттiк келісімге (шартқа) сәйкес

Сiзге ______________________________________________________

(мақсаттар)

____________________________________________________________

_____________________________________________________үшiн

(хабарлануы туралы, кредиттi қайтару туралы, қойылған    төлемдiк тапсырмалар туралы көрсету керек).

_____________________________  _____________________________

(қамтамасыз етуге)

__________________________________теңге мөлшерiнде

____________________________________________________________

(директивалық кредит, өзара есептесу бойынша

____________________________________________________________

кредит, айналымдағы қаражаттарға кредит екендiгi көрсетiлсiн) кредиттiк ресурстар берiледi.

Кредиттi өтеу мерзiмi __________________________________

болғанына қарамастан Сiз шарт бойынша қабылданған мiндеттеменi кредиттiк берешектердi өтеу бөлiгiнде орындамадыңыз, оның үстiне Сiзге ескерту-затта мазмұндалған Сiзге қызмет көрсетушi банкi мен қаржы басқармасының талаптарын қанағаттандыру шаралары қолданылған жоқ.

_____________________________ жағдай бойынша Сiздiң

________________________________________________________________

(шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң атауы)

берешегi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң алдындағы

кредит бойынша_________________________________________________

_______________________________________ теңгенi құрайды.

кредит бойынша проценттерi ____________________________________

_____________________________________________теңге 1996 жылғы

" "__________хабарлама қағаз арқылы Сiз Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитеттiң жанындағы кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөніндегі агенттiк өткiзетiн қарыздар саудасында Сiздiң қарызыңызды жүзеге асыру туралы жасалған келісім туралы хабардар болдыңыз, әйтсе де аталмыш ұсыныстың шарты да Сiздiң тарапыңыздан орындалмады.

Осы айтылғандардың негiзiнде Сiзден пайда болған берешектерiн жою жөнiнде шұғыл шаралар қолдануыңызды не болмаса Сiздiң қарызыңызды жүзеге асыруға келiсетiндiгiңiз туралы келісім жасауыңызды сұраймыз, өйтпеген жағдайда __________________ облыстық қаржы басқармасы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының шаруашылық iстерi жөніндегі алқасына хабарласуға мәжбүр болады, соның нәтижесiнде Сiз қолданылып жүрген заңда белгiленген мемлекеттік баж салығын төлеу жөнiнде қосымша шығынға отырасыз.

Осы Талапқа жауапты бiздiң мекен-жайымызға заңмен белгiленген бiр ай мерзiмде жолдауыңызды сұраймыз.

Осы талапты қарау үшiн қажеттi құжаттар Сiзде бар.

 

     Қосымша:  1. Анықтама-есептесу 1 парақта

                    2. Хабарлама-хат

                   3. __________________

 

 Қаржы басқармасының

 бастығы

 

_____________

 

                                          № 6, 6а қосымша

                                          Шаруашылық iстерi

                                          жөніндегі алқа

                                          _____________________

                           Талапкер:      _____________________

                           Жауапкер:      _____________________

 

ТАЛАП АРЫЗ

 

________________________________________________________сомаға

____________________________________________№ _________________

кредиттiк келісіммен __________________________________________

_______________________________________________________________

                      (шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң атауы)

_______________________________________________теңге сомаға

кредит ұсынды.

Кредиттiк қайтарылуын қамтамасыз ету ретiнде______________
_______________________________________________________________
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!