«Ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 1996 жылғы 7 қазандағы № 472-ө өкімі
«Қазақстан Республикасы кеден органдарының жұмысын жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 12 қыркүйектегi № 1112 қаулысын орындау үшiн:
1. Қазақстан Республикасының кеден органдарын автоматтандыру жобасына тендер өткізу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсiн.
2. Ведомствоаралық комиссия:
Қазақстан Республикасының кеден органдарын автоматтандыру жобасына тендер ұйымдастыру туралы ереженi әзiрлеп, бекiтсiн;
Қазақстан Республикасының кеден органдарын автоматтандыру жобасына тендерлiк тапсырманы әзiрлесiн;
1996 жылғы 15 қазанға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының кеден қызметiн автоматтандыру жобасын таңдау жөнiнде тендер өткiзсiн және тендердiң нәтижесi туралы 1996 жылғы 18 қазанына дейiн Қазақстан Республикасы Үкіметіне хабарласын;
3. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi:
бiр апта мерзiмде Ведомствоаралық комиссияға Қазақстан Республикасының кеден органдарын автоматтандыру жобасына негiзгi талаптар бойынша ақпарат берсiн;
тендердiң нәтижелерi жарияланғаннан кейiн бiр апта мерзiмде Қазақстан Республикасының кеден органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн құру тендерiнiң жеңiмпазымен шарт жасасын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі тендердiң нәтижелерi жарияланғаннан кейiн бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының кеден органдарын автоматтандыру жобасын қаржыландыру көздерiн айқындасын және қамтамасыз етсiн.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
1996 жылғы 7 қазандағы
№ 472-ө өкіміне
Қосымша
Қазақстан Республикасының Кеден органдарын
автоматтандыру жобасына тендер өткізу жөніндегі
ведомствоаралық комиссияның
ҚҰРАМЫ
Шөкеев Ө.Е. - Қазақстан Республикасының Экономика
министрi, төраға
Мыңбаев С.М. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
орынбасары, төрағаның орынбасары
Комиссия мүшелерi:
Айдарханов М.Б. - Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі
- Ғылым академиясы информатика және басқару
проблемалары институтының директоры
Грязнов В.Г. - Қазақстан Республикасы Кеден комитетi
автоматтандыру және кеден статистика
басқармасының бастығы
Майдыров С.Ғ. - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Аппараты
Экономикалық саясат бөлiмi меңгерушiсiнiң
орынбасары
Оспанов Х.А. - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда
министрiнiң орынбасары
Сиротюк В.О. - Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі
- Ғылым академиясы информатика және басқару
проблемалары институтының лаборатория
меңгерушiсi
Төреқұлов А.Т. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
бас есептеу орталығының директоры
Шигаев М.Н. - Қазақстан Республикасы Экономика министрлігі
ақпараттық жүйенi дамыту және технологиялық
даму экономикасы басқармасының бастығы
Шнитковский А.А. - Қазақстан Республикасы Кеден комитетi
төрағасының орынбасары
Шоқаманов Ю.К. - Қазақстан Республикасы Статистика және талдау
жөніндегі мемлекеттік комитетi төрағасының
орынбасары