«Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерi бар мемлекеттік
емес сыртқы заемдар бойынша алдағы және мерзiмi өткен
төлемдердi өтеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1998 жылғы 19 наурыздағы № 233 қаулысы
Қазақстан Республикасының шетел кредиторлары алдындағы мiндеттемелерiн орындау және дефолт фактiлерiне жол бермеу, сондай-ақ бұрын берiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгi бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 6 қарашадағы № 13-6/И947, 1993 жылғы 10 мамырдағы № 26-15/116, 1995 жылғы 8 маусымдағы № Ф 22-3/8, 1996 жылғы 11 наурыздағы № 0000012 берiлген мемлекеттік кепiлдiктерiне және Әлембанк (бұрынғы Қазақсыртқыэкономбанк) арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Австрия Федералдық Қаржы министрлігі арасындағы 1994 жылғы 19 желтоқсандағы келісімге Өзгерiске сәйкес, шетел банктерi шоттарының негiзiнде дәрменсiз заемшылар үшiн алдағы және мерзiмi өткен төлемдердi (қосымша), сондай-ақ төлем жасалатын күнгi бағамдық айырманың өзгерiстерiн есепке ала отырып, есептелген айыппұлдар сомасын 1998 жылға арналған республикалық бюджетте «Өтеу шегерiлген несиелендiру» бөлiмi бойынша көзделген қаражат шегiнде төлейтiн болсын;
заемшылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгi бар мемлекеттік емес сыртқы заемдарын пайдалану жөніндегі қызметiне қаржылық тексерiс жүргiзсiн және оларды пайдалануда тәртiп бұзушылық фактiлерi анықталған жағдайда кiнәлi адамдарды Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапқа тарту мақсатымен материалдарды құқық қорғау органдарына, соттарға беретiн болсын.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Экспорт-импорт банкi бөлiнген қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету жөнiнде барлық қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1998 жылғы 19 наурыздағы
№ 233 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгi бар
мемлекеттік емес сыртқы заемдарды өтеу жөніндегі алдағы
және мерзiмi өткен төлемдердiң
СОМАСЫ
___________________________________________________________________
Заемшы ұйым |Төлем |Төлем |Төлем |
|валютасы |жасау күнi |сомасы |
| | | |
____________________|__________|_______________|___________________|
|
Австрия несие желісі |
|
"Фосфор" ӨБ USD 30.03.98 ж. 55 381,26 |
|
Герман несие желісі |
|
Павлодартрактор DM 01.03.98 ж. 4 766 836,86 |
Стройфарфор DM 01.03.98 ж. 1 594 559,68 |
"Азат" концернi DM 01.03.98 ж. 3 234 901,31 |
|
Чех несие желісі |
|
"Конденсат" АҚ USD 30.03.98 ж. 1 975 665,50 |
___________________________________________________________________|
Барлығы | USD | | 2 031 046,76 |
____________________|__________|_______________|___________________|
| DM | | 9 596 297,85 |
____________________|__________|_______________|___________________|
___________________________________________________________________
Заемшы ұйым |Негiзгi |Проценттер |Басқалары |
|борыш | | |
| | | |
____________________|__________|_______________|___________________|
|
Австрия несие желісі |
|
"Фосфор" ӨБ - 36 754,53 18 626,73 |
|
Герман несие желісі |
|
Павлодартрактор 3 539 073,34 1 227 763,52 - |
Стройфарфор 1 358 854,96 235 704,72 - |
"Азат" концернi 2 567 000,00 667 901,31 - |
|
Чех несие желісі |
|
"Конденсат" АҚ 1 666 666,66 308 998,84 - |
___________________________________________________________________|
Барлығы |1 666 666,66| 345 753,37 | 18 626,76 |
___________________|____________|______________|___________________|
|7 464 928,30| 2 131 369,55 | - |
___________________|____________|______________|___________________|