«Запастағы офицерлердi әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 3 маусымдағы № 511 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiндегi бастапқы әскери лауазымдардың жасақталмауына байланысты, «Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. 1998 жылы әскери-есеп немесе азаматтық, тектес тиiстi әскери мамандықтар бойынша әскери қызметiн өткермеген запастағы офицерлер үш жыл мерзiмге әскери қызметке шақырылсын.
2. 1998 жылы запастағы офицерлердi әскери қызметке шақыруды жүргiзуге арналған әскери-есеп мамандықтарының қоса берiлiп отырған тiзбесi және осы мамандықтар бойынша шақырылатын азаматтардың саны бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1998 жылғы 3 маусымдағы
№ 511 Қаулысымен
бекітілген
Запастағы офицерлердi 1998 жылы әскери қызметке
шақыруға арналған әскери-есеп мамандықтарының және
осы мамандықтар бойынша шақырылатын азаматтар санының
ТIЗБЕСI
___________________________________________________________________
Мамандық |Адам саны
___________________________________________________________________
Офицер: |
мотоатқыштар әскерi | 60
танк әскерлерi | 20
ракета әскерi мен артиллерия | 30
әуе қорғанысы әскерi | 45
құрлықтағы әскерлердiң әуе қорғанысы | 20
әскери-әуе күштерi | 10
инженерлiк әскер | 20
химиялық әскер | 25
байланыс | 25
бронетанк қызметi | 20
ракета-артиллерия қару-жарағы қызметi | 25
медицина қызметi | 20
заттай-мүлiк қызметi | 10
азық-түлiк қызметi | 10
жанар-жағар май материалдары қызметi | 10
қаржы қызметi | 10
тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыстар |
бойынша | 100
әскери прокуратураға арналған заңгерлер | 20
Республика Ұланы үшiн | 15
___________________________________________________________________
Барлығы 495
___________________________________________________________________