Қарағанды көмiр бассейнiнiң шахталарын жабу жөніндегі жұмыстарды жүргiзу шаралары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 14 шiлдедегi № 666 Қаулысы
Мүлiктiк кешенiн «Арман» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi жекешелендiрген, бұрынғы Қазан төңкерiсiнiң 50 жылдағы атындағы шахтада пайда болған төтенше қауiптi жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру департаментi:
жекешелендiру жөніндегі Қарағанды аумақтық комитетi мен «Арман» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң арасында жасалған 1996 жылғы 18 қазандағы № 1780 Сатып алу-сату шартының талаптарын тараптардың орындалуына тексеру жүргiзсiн;
«Арман» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi көрсетiлген шарттың талаптарын орындамаған жағдайда оны заңдарда белгiленген тәртiппен бұзсын.
1996 жылғы 18 қазандағы № 1780 Сатып алу-сату шарты бұзылған жағдайда:
шахтаның таратылатын мүлкiн сатудан түскен қаражаттың есебiнен «Арман» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi № 1 шахтасының қызметкерлерiне жалақы және әлеуметтiк төлемдер бойынша берешектердi өтеудi жүзеге асырсын;
шахтаның қалған мүлкiн көмiрдiң запастарын консервациялау және шахтаны жабу жөніндегі жұмыстарды жүргiзу үшiн «Қарағандышахтатарату» республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсiпорнына берсiн.
2. Мыналардың:
«Қарағанды көмiр бассейніндегі жабылатын шахталарда жою жұмыстарын жүргiзудi жеделдету жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 8 тамыздағы № 984 қаулысының;
«Қарағанды көмiр бассейнi кәсiпорындарын қаржы-экономикалық сауықтыру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы № 1715 қаулысының 4-тармағының күшi жойылған деп танылсын.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi | |