Введите номер документа
Прайс-лист

«Қарағанды көмір бассейні кәсіпорындарын қаржы-экономикалық сауықтыру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы № 1715 Қаулысы

Информация о документе
Датавторник, 31 декабря 1996
Статус
Действующийвведен в действие с 31 декабря 1996
Дата последнего изменениявторник, 31 декабря 1996

Қарағанды көмiр бассейнi кәсiпорындарын қаржы-экономикалық сауықтыру
жөніндегі қосымша шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы № 1715 Қаулысы

 

Жабылатын шахталарда жою жұмыстарын жүргiзу бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ету және Қарағанды көмiр бассейнi кәсiпорындарын мемлекеттік қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазан революциясының 50 жылдығы атындағы шахтаның жойылатын бөлiгiнiң мүлiктiк кешенiн заңдарда белгiленген тәртiппен «Карагандаликвидшахт» республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсiпорнына берсiн.

2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1996 жылдың аяғына дейiн республикалық бюджетте кәсiпорындарды санациялау мен оңалтуға көзделген қаражат есебiнен Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкi арқылы:

Қарағанды көмiр бассейнiнiң жабылатын шахталарының өмiр немесе денсаулыққа келтiрiлген зиян үшiн өтемдер төлеу, сондай-ақ жалақы бойынша жою өндiрiсi басталғанға дейiн пайда болған берешегiн өтеу бойынша түпкiлiктi есеп айырысу үшiн «Карагандаликвидшахт» республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсiпорнына 188413,3 мың (бiр жүз сексен сегiз миллион төрт жүз он үш мың үш жүз) теңге сомасындағы қаражатты қосымшаға сәйкес;

«Карагандашахтуголь» жабық үлгiдегi акционерлік қоғамына айналыс қаражатын толықтыру үшiн 200 (екi жүз) млн. теңге сомасында және көмiрдi кепiлге берiп, «Арман» және «Абай-Көмiр ЛТД» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерiне жабдық сатып алу үшiн 75 (жетпiс бес) млн. теңгеден несие ресурстарын бөлетiн болсын.

3. Қарағанды облысы бойынша жекешелендiру жөніндегі комитет «Қарагандашахтуголь» жабық үлгiдегi акционерлік қоғамына кiретiн шахталардың мүлкiн сату жөнiнде тендер өткізу шарттарында жаңа меншiк иелерiне 200 (екi жүз) млн. теңге сомасында бөлiнген қаражатты несие келісімiнде белгiленген мерзiмдерде қайтаруды ескерсiн.

4. ҚРҮ-нiң 1998.14.07. № 666 қаулысымен күшi жойылды

5. «Карагандашахтуголь» жабық үлгiдегi акционерлік қоғамының құрамына кiретiн Қарағанды көмiр бассейнiнiң кәсiпорындарын қаржы-экономикалық сауықтыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 2 қазандағы № 1214 қаулысының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі республикалық бюджетте кәсiпорындарды санациялау үшiн көзделген қаражат есебiнен Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкiсi арқылы «Карагандашахтуголь» жабық үлгiдегi акционерлік қоғамына оны оңалтуға қайтарусыз негiзде 286 млн. теңге бөлсiн».

6. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1996 жылғы 18 желтоқсандағы № 574 өкімінiң күшi жойылған деп танылсын.

7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң жанындағы Қаржы-валюта бақылау комитетi осы қаулыға сәйкес бөлiнетiн қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуына бақылау орнатсын.

 

 

 Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

     
     

Қазақстан Республикасы

 Үкіметінiң

1996 жылғы 31 желтоқсандағы

 № 1715 қаулысына

 қосымша

 

Қарағанды көмiр бассейнiнiң жабылатын шахталарының жалақы және өмiрге немесе денсаулыққа келтiрiлген зиян

үшiн өтемдер төлеу бойынша жою өндiрiсi басталғанға дейiн пайда болған

БЕРЕШЕГI

___________________________________________________________________
     Шығыстардың атауы            | Барлығы  |Оның iшiнде шахталар
                                  |          |      бойынша:
                                  |          |_____________________
                                  |          |Майқұдық  |Северная
___________________________________________________________________
                1                 |     2    |     3    |    4
___________________________________________________________________
Жалақы қосымша есептерiмен
Барлығы                            244678,1    14080,3    18495,0
Оның iшiнде:
Жалақы, қосымша есептер мен
салықтарды қоспағанда              166174,4    8360,8     9684,1
 
Бюджеттен тыс төлемдер             53175,7     2675,5     3098,9
 
Жеке тұлғаларға салынатын
табыс салығы                       25328,0     3044,0     5712,0
 
Өмiр немесе денсаулыққа
келтiрiлген зиян үшiн өтем төлеу   22238,9     4313,5     5546,9
 
Жиыны, қосымша есептер мен
салықтарды қоса алғанда            266917,0    18393,8    24041,9
 
Жиыны, қосымша есептер мен
салықтарды қоспағанда              188413,3    12674,3    15231,0
 
___________________________________________________________________
 Дубовская    |  Топар   | Шерубай-Нұра | Долинская |Қазан
              |          |              |           |революциясының
              |          |              |           |50 жылдығы
___________________________________________________________________
      5       |    6     |       7      |     8     |      9
___________________________________________________________________
   3199,3       15904,2      17523,5       48806,4     126669,4
   2226,0       10990,3      10284,5       32136,7     92492,0
   712,3        3516,9       3291,0        10283,7     29597,4
   261,0        1397,0       3948,0        6386,0      4580,0
     -          3226,5       787,0         1065,0      7300,0
   3199,3       19130,7      18310,5       49871,4     133969,4
   2266,0       14216,8      11071,5       33201,7     99792,0 
 
 
 
 
 
 
     
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом