Введите номер документа
Прайс-лист

Еуропа Қайта жаңарту және Даму Банкінің жыл сайынғы жиналысының жұмысына қатысу үшін Қазақстан Республикасының делегациясын іссапарға жіберу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 сәуірдегі № 364 Қаулысы

Информация о документе
Датавторник, 6 апреля 1999
Статус
Действующийвведен в действие с 6 апреля 1999
Дата последнего изменениявторник, 6 апреля 1999

Еуропа Қайта жаңарту және Даму Банкінің жыл сайынғы жиналысының
жұмысына қатысу үшін Қазақстан Республикасының делегациясын
іссапарға жіберу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 сәуірдегі № 364 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Еуропа Қайта жаңарту және Даму Банкіндегі мүшелігі туралы» 1993 жылғы 25 мамырдағы № 1212 және «Қазақстан Республикасының Еуропа Қайта жаңарту және Даму Банкінің Басқарушылар Кеңесіндегі өкілдері туралы» 1998 жылғы 24 сәуірдегі № 3925 жарлықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының делегациясы қосымшаға сәйкес құрамында Еуропа Қайта жаңарту және Даму Банкінің жыл сайынғы жиналысына қатысу үшін 1999 жылдың 17-21 сәуірі аралығында Лондон қаласына (Ұлыбритания) іссапарға жіберілсін.

2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі делегация мүшелеріне Алматы-Лондон-Алматы бағыты бойынша көлік шығыстарына ақша, пәтер және тәулікақыларына толық көлемде валюта қаражатын бөлсін.

3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі делегация мүшелеріне жүру құжаттарын ресімдесін.

4. Осы қаулының атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігіне жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

                                       Қазақстан Республикасы

                                       Үкіметінің

                                       1999 жылғы 6 сәуірдегі

                                       № 364 қаулысына

                                       қосымша

 

Еуропа Қайта жаңарту және Даму Банкінің жыл сайынғы

жиналысының жұмысына қатысу үшін Қазақстан

Республикасы делегациясының

Құрамы

 

     Сәйденов Әнуар      - Қазақстан Республикасының
     Ғалимоллаұлы          Инвестициялар жөніндегі
                           агенттігінің төрағасы, Қазақстан
                           Республикасынан Еуропа Қайта
                           жаңарту және Даму Банкінің
                           Басқарушысы
 
     Аханов Серік        - Қазақстан республикасы Қаржы
     Ахметжанұлы           вице-министрі, Қазақстан
                           Республикасынан Еуропа Қайта
                           жаңарту және Даму Банкі
                           Басқарушысының орынбасары
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом