Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының экономикасы салаларында еңбек жағдайлары мен оны қорғауды жақсарту жөніндегі 1997-2000 жылдарға арналған негізгі бағыттар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қаңтардағы № 89 Қаулысы

Информация о документе
Датавторник, 21 января 1997
Статус
Действующийвведен в действие с 21 января 1997
Дата последнего изменениявторник, 21 января 1997

«Қазақстан Республикасының экономикасы салаларында еңбек жағдайлары
мен оны қорғауды жақсарту жөніндегі 1997-2000 жылдарға арналған
негiзгi бағыттар туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 21 қаңтардағы № 89 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының экономикасы салаларында еңбек жағдайлары мен оны қорғауды жақсарту жөніндегі 1997-2000 жылдарға арналған негiзгi бағыттар мақұлдансын.

2. Министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдар:

республиканың, аймақтардың және экономика салаларының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын қалыптастыру кезiнде Қазақстан Республикасының экономикасы салаларында еңбек жағдайлары мен оны қорғауды жақсарту жөніндегі 1997-2000 жылдарға арналған негiзгi бағыттарда көзделген шараларды барынша ескерсiн;

2000 жылға дейiн кезеңде өндiрiстегi еңбек қорғау және техникалық қауiпсiздiк жөніндегі нормативтiк құжаттамаларды әзiрлеудi аяқтасын;

жыл сайын, 15 ақпаннан кешiктiрмей, Қазақстан Республикасының экономикасы салаларында еңбек жағдайлары мен оны қорғауды жақсарту жөніндегі 1997-2000 жылдарға арналған негiзгi бағыттардың жүзеге асырылуы туралы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне ақпарат беретiн болсын.

3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне әр жылдың қорытындысы бойынша 1 сәуiрге Қазақстан Республикасы Үкіметінiң осы қаулысын орындаудың барысы туралы ақпарат берудi қамтамасыз етсiн.

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

бірiншi орынбасары

 

А. Есімов

 

                                   Қазақстан Республикасы

                                         Үкіметінiң

                                   1997 жылғы 21 қаңтардағы

                                       № 89 қаулысымен

                                         Мақұлданған

 

Қазақстан Республикасының экономикасы салаларында

еңбек жағдайлары мен оны қорғауды жақсарту жөніндегі

1997-2000 жылдарға арналған

Негiзгi бағыттар

 

Кiрiспе

 

Қазақстан Республикасының экономикасы салаларында еңбек жағдайлары мен оны қорғауды жақсарту жөніндегі 1997-2000 жылдарға арналған негiзгi бағыттар "Еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 22 қаңтардағы № 1915-XII қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 17 желтоқсандағы № 1270 қаулысына сәйкес әзiрлендi.

Негiзгi бағыттар құқықтық, ұйымдық-техникалық және әлеуметтiк-экономикалық шараларды әзiрлеу мен жүзеге асырудың есебiнен өндiрiсте еңбектiң қолайлы жағдайларын қамтамасыз етудi, өндiрiстiк жарақаттануды ескерту мен алдын алуды, еңбек процесiнде адамның өмiрi мен денсаулығын сақтауды көздейдi.

Статистикалық деректер көрсеткендей, Қазақстан Республикасы экономикасының салаларында санитарлық-гигиеналық нормативтерге жауап бермейтiн жағдайларда барлық қызметкерлердiң 13,5%-i жұмыс iстейдi, жыл сайын өндiрiсте 15 мыңға жуық бақытсыз жағдайлар болып тұрады, бұл ретте орташа алғанда 600 адам, олардың 70%-тен астамы - агроөнеркәсiп кешенi, құрылыс, көлiк, энергетика, өнеркәсiп және сауда ұйымдары мен шаруашылықтарында, қазаға ұшырайды. Кәсiби аурулардың деңгейi ұдайы өсiп келедi. Бақытсыз жағдайлар мен кәсiби аурулардың әлеуметтiк және материалдық зардаптары өте жоғары. Жыл сайын өндiрiстiк жарақаттану 1,5-2,0 мың адамның мүгедектiгiне себепкер болуда. Жарақаттың салдарынан күн сайын 2-3 мың адам жұмысқа шықпайды. 1995 жылы жеңiлдiктер мен өтемақыларды төлеуге 15,0 млрд. астам теңге бөлiндi (1 қосымша, 1-5 кестелер).

Еңбектi қорғаудағы қалыптасқан жағдай республикада "Еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қанағаттанғысыз жүзеге асырылуының салдары болып табылады. Экономиканың барлық салаларында еңбектi қорғауға арналған шығындардың күрт қысқаруы байқалуда, күрделi құрылыс, техникалық қайта жабдықтау құлдилауда, өндiрiстiң техникалық жарақтану деңгейi төмендеуде. Ұйымдар қауiпсiздiк аспаптарымен, санитарлық-тұрмыстық мекен-жаймен, арнаулы киiммен, жеке басты қорғау құралдарымен мейлiнше жеткiлiксiз қамтамасыз етiлген.

Бұл негiзгi өндiрiстiк қордың тозуы өнеркәсiпте 46,6%, көлiкте - 37,5%, машина жасауда - 47,6% құраумен байланысты болып отыр. Еңбек қорғау жөнiнде мамандарды кәсiби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігiн арттыру мәселелерiне көңiл бөлу әлсiредi. Қаржыландырудың болмауынан бірқатар салалық министрлiктерде біліктіліктi арттыру институттары жұмыс iстемей тұр, жоғары оқу орындарында "Еңбек қорғау" пәнiн оқытуға бөлiнген оқыту бағдарламалары мен сағаттары қысқартылған. Тау-кен өнеркәсiбіндегі жұмыстың қауiпсiздiгi жөніндегі Қазақ мемлекеттік ғылыми-зерттеу институты (ҚазТӨЖҚҒЗИ), Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының жанындағы Қазақ агроөнеркәсiп кешенiнде еңбектi қорғау және экология ғылыми-зерттеу институты жабылудың алдында.

Қазақ гигиена және кәсiби аурулар ғылыми-зерттеу институты көптеген қиындықтарды бастан өткеруде. Аталған институттар еңбек қорғау саласында iргелi зерттеулермен айналыспастан ұйымдармен жасалған шарттар бойынша жекелеген жұмыстарды орындайды.

Еңбек қорғауды басқару мен бақылаудың бұрын болған мемлекеттік жүйелерiнiң ыдырауы жағдайында ұйымдарда тiкелей алдын алу жұмыстарының күрт нашарлауы байқалуда, барлық жерде еңбек және өндiрiстiк тәртiп деңгейi төмендеуде. Осы салада құқықтық, ұйымдық және экономикалық қатынастарды әлеуметтiк қорғау жүйесi жетiлдiрiлмеген және мемлекеттік саясаттың мәнi болған жоқ. Барлық жерде, әсiресе экономиканың мемлекеттік емес секторларында қызметкерлердiң еңбегiн қорғауға, оларға келтiрiлген жарақаттардың немесе кәсiби аурулардың залалын өтеуге арналған құқықтарын көптеген бұзулар нормаға айналып барады.

Экономиканың салаларында еңбек жағдайлары мен оны қорғауды түбегейлi жақсарту тек құқықтық, ұйымдық, техникалық және басқа да шаралардың бүтiндей кешенiн жүзеге асырған кезде ғана мүмкiн болатындығының нәтижесiнен "Еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын табысты жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасы экономикасының салаларында еңбек жағдайлары мен оны қорғауды жақсарту жөніндегі 1997-2000 жылдарға арналған негiзгi бағыттар әзiрлендi.

I. Еңбек қорғауды құқықтық және

нормативтiк қамтамасыз ету

 

Осы бөлiмдегi шаралардың басты мақсаты "Еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшiн құқықтық және нормативтiк базаларды жетiлдiру болып табылады (2-қосымша). Олардың iшiнде жұмыс берушiлердiң еңбек жағдайлары мен оны қорғауды жақсартуға арналған жауапкершiлiктерiн, еңбек процесiне қатысатын қызметкерлердiң еңбек қорғауға және әлеуметтiк қорғаудың қажеттi деңгейiнiң құқықтарына мемлекеттік кепiлдiктердi күшейтетiн шаралар көзделдi.

1997-2000 жылдар iшiнде еңбек қорғау жөніндегі орталық атқарушы органдар актілерінiң қолданылып жүргендерiн қайта қарау және жаңаларын әзiрлеу жөнiнде шаралар жоспарланды.

Бір мезгiлде бұрынғы КСРО министрлiктерi мен ведомстволары бекiткен, көпшiлiгi өзiнiң құқықтық маңызын жоғалтқан, қазiргi талаптарға жауап бермейтiн еңбек қорғау жөніндегі салааралық және салалық ережелердi, нұсқаулықтарды және басқа да жетекшi құжаттарды қайта өңдеу көзделуде.

Арнаулы бағдарламалар мен кестелер бойынша еңбек қауiпсiздiгi, гигиеналық нормативтер, санитарлық нормалар мен ережелер, технологиялық процестердi ұйымдастыру мен өндiрiстiк жабдықтарға гигиеналық талаптар саласындағы Қазақстан Республикасының стандарттарын әзiрлеу жүргiзiлетiн болады.

Еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн өндiрiстiң сапасын сертификациялаудың мемлекеттік жүйесiн жасау алда тұр.

II. Өндiрiстiк жарақаттану мен кәсiби аурулардың

алдын алуды техникалық қамтамасыз ету

 

Жарақаттанудың алдын алу техникалық қамтамасыз ету қол және ауыр дене еңбегiнiң үлесiн қысқартуға, еңбек қауiпсiздiгi мен гигиенасының деңгейiн арттыруға бағытталған, жұмыс iстеп тұрған өндiрiстi қайта жарақтандыру және қайта жаңғырту жөніндегі инженерлiк-техникалық шаралар кешенiн жүзеге асыруды көздейдi. 1997-2000 жылдар кезеңiнде техникалық қайта жарақтандыру мен қайта жаңғыртуға меншiктiң барлық нысанындағы ұйымдар өндiрiстегi санитарлық-гигиеналық жағдайды жақсартуды: өрт, жарылу қауiпсiздiгiнiң деңгейiн арттыруды, жұмыс орындарындағы шаңданудың, газданудың, шудың және дiрiлдiң деңгейiн нормативтiк талаптарға дейiн төмендетудi қамтамасыз ететiн өз қаржыларын қарастырулары қажет.

Мүдделi министрлiктерге, меншiктiң барлық нысандарындағы ұйымдарға санитарлық-гигиеналық сипаттамасы жақсартылған жаңа машиналар мен тетiктердi құрастыру жөнiнде зерттеулер жүргiзiлетiн болады. Иондаушы сәулелену көздерi бар жұмыстардың қауiпсiздiгiн, адамдарды статистикалық электрдiң әсерiнен қорғауды, сондай-ақ тиiмдi желдетудi, жұмыс аймағынан зиянды заттарды ұстауды және алып тастауды қамтамасыз ететiн жаңа әдiстер мен құралдарды әзiрлеу және пайдалану белгiленiп отыр. Негiзгi бағыттармен Қазақстан Республикасының ұйымдары үшiн қажеттi жабдықтардың тiзбесi көзделедi (3-қосымша).

Меншiктiң барлық нысандарындағы ұйымдар жаңадан санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар салуға және олардың қолда барын кеңейтуге, жұмыс iстеп тұрған ұйымдарда жеке басты қорғау құралдарын шығаруға назар аударуы тиiс. (4,5-қосымшалар).

Мүгедектер, зағиптар, саңыраулар қоғамдарының өндiрiстiк ұйымдарында, протез-ортопедия заводтарында, интернат-үйлердiң жанындағы емдеу-өндiрiстiк шеберханаларында, сондай-ақ, мүгедектердiң еңбегiн қолданатын еңбек жағдайлары әдеттегiдей ұйымдарда еңбектiң қауiпсiздiгi мен оны қорғау жөніндегі инженерлiк-техникалық шаралардың кешенi көзделетiн болады. Мүгедектер еркiн кiре және пайдалана алатын арнаулы жабдықталған жұмыс орындарымен қамтамасыз етiлетiн болады. Оның үстiне мүгедектердiң әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне баруы және оларды пайдалану үшiн арнаулы құралдар жасалады және енгiзiледi.

III. Еңбектi қорғауды ғылыми қамтамасыз ету

 

Бөлiмдегi шаралардың басты мақсаты еңбек қорғау саласындағы ғылыми-зерттеулердiң көлемiн кеңейту мақсатында республикада қажеттi ғылыми-техникалық база құру болып табылады (6-қосымша).

Негiзгi бағыттар мынадай шараларды:

мамандануын ескере отырып олардың қызметiн айқындау үшiн еңбек қорғау саласындағы сақталып келген ғылыми кадрлардың және маманданған ұйымдардағы ғылыми-зерттеу базаларының әлеуетiн зерделеудi;

еңбек қорғау жөніндегі жұмыс iстеп тұрған институттардың біреуiнiң базасында бөлiнген қаражаттардың шегiнде еңбек қорғау саласындағы ғылыми зерттеулердi үйлестiру жөнiнде Республикалық орталық ұйымдастыруды;

2000 жылға дейiн зерттеулердiң жоғары ғылыми деңгейiн және ғылымның өндiрiспен кiрiгуiн қамтамасыз ету үшiн әртүрлi бағыттағы ғалымдарды тарта отырып еңбек қорғау жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының мақсатты бағдарламасын әзiрлеудi жүзеге асыруды көздейдi.

Меншiктiң барлық нысанындағы ұйымдар объектiлердi жобалау, машиналарды, тетiктердi, жабдықтарды құрастыру, технологиялық процестердi, әзiрлеу, өндiрiс пен еңбектi ұйымдастыру кезiнде зерттеулердiң нәтижелерiн пайдалануы керек.

IV. Мамандарды кәсiби даярлау және еңбек қорғау

жөнiнде оқыту. Кәсiби iрiктеу

 

Өндiрiстегi бақытсыз жағдайлардың себептерiн талдау, олардың жартысынан көбi төмен кәсiби даярлықтың, зардап шеккендердiң еңбектi қорғау жөніндегі ережелердi, жұмыстарды қауiпсiз жүргiзудiң әдiстерiн нашар бiлуiнiң немесе мүлде бiлмеуiнiң, сондай-ақ ұйымдардың басшылары мен инженер-техникалық қызметкерлерiнiң бұл саладағы білім деңгейiнiң жеткiлiксiздiгiнiң салдарынан болатынын көрсеттi. Бұл қазiргi кезде республикада еңбек қорғау жөніндегі білім жүйесiнiң iс жүзiнде жоқтығына байланысты. Жоғары мектеп жүйесiнде лабораториялардың жеткiлiксiз қаржылануынан, техникалық нашар жарақтануынан, ғылыми-педагогикалық кадрлардың жоқтығынан туындаған "Еңбек қорғау" пәнiн оқытуға бөлiнген сағаттарды азайту тенденциясы, лабораториялық практикумды жою, курс бойынша емтихандарды сынақтармен ауыстыру байқалады. Салалық министрлiктер мен ведомстволардың еңбек қорғау бойынша мамандар даярлау мен қайта даярлау жөніндегі жұмыстарды тоқтатылды, бұрын жұмыс iстеген біліктіліктi арттыру институттарының жұмыстары тоқтап тұр. Осы проблема жөнiнде қабылданған Үкiметтiң қаулылары орындалмай келедi.

Негiзгi бағыттарда мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде республиканың жоғарғы оқу орындарында еңбек қорғау жөнiнде мамандар даярлау көзделген. Қазiргi кезде "Эргономика және еңбек қорғау" мамандығы бойынша студенттердi даярлау Қазақ сәулетқұрылыс академиясында, Шығыс Қазақстан техникалық университетiнде, Қарағанды техникалық университетiнде жүргiзiледi. Экономиканың әртүрлi салаларындағы мамандардың біліктілігiн арттыру ұйымдастырылатын жоғары оқу орындары мен орталықтардың тiзбесi айқындалды.

Білім министрлігі жоғары білімнiң оқу сағаттарының көлемi айтарлықтай кеңейтiлген "Эргономика және еңбектi қорғау" мамандығы көздейтiн мемлекеттік стандартты әзiрлеуде. Айрықша қауiптi жұмыстармен айналысатын қызметкерлердi еңбектiң қауiпсiз тәсiлдерiне бағдарламалық үйретудiң жүйесi мен психологиялық даярлаудың әдiстерi әзiрленетiн және күшiне енгiзiлетiн болады. Кәсiби iрiктеу мәселелерiне, әсiресе қауiптілігi жоғары жұмыстарды орындау кезiнде, маңызды мән берiледi (7-қосымша).

V. Жұмыс берушiлердiң салауатты және қауiпсiз

еңбек жағдайын жасау жөніндегі қызметiн

ынталандыру тетiгiн қалыптастыру

 

Шаруашылық жүргiзудiң жаңа жағдайларында экономикалық тұтқаларды қолданбай еңбек қорғауды тиiмдi басқаруды қамтамасыз ету iс жүзiнде мүмкiн емес. Осыған байланысты шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге қамтамасыз ету саласындағы олардың қызметiн ынталандыратын, ықпал етудiң экономикалық тетiгiн құру өзектi мiндет болып отыр.

"Еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұйымдардың еңбек қорғау жөніндегі талаптарды қамтамасыз етпегенi үшiн, нормативтiк талаптарға жауап бермейтiн өндiрiстiк тұрғыдағы өнiмдердi шығарғаны және өткiзгенi үшiн, қызметкерлерге жарақаттанумен, кәсiби аурулармен немесе өзгедей денсаулығын зақымдаумен келтiрiлген зиян үшiн ұйымдардың экономикалық жауапкершiлiгi жөнiнде бірқатар заң және нормативтiк актiлер әзiрлеу белгiленiп отыр. Лауазымды тұлғаларды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту және кәсiпорындарға айыппұлдар салу шаралары көзделуде. Жобада - мамандандырылған және жобалау-құрастыру ұйымдарының өндiрiс құралдары мен жаңа технологиялардың жобаларын еңбектi қорғау нормалары мен жаңа талаптарын бұза отырып әзiрлегенi үшiн залалды өтеу жөнiнде нормативтiк акт дайындау.

Жұмыс берушiге экономикалық әсер ету шараларын жүзеге асыру үшiн еңбек жағдайлары ахуалы мен өндiрiстiк жарақаттанудың деңгейiне байланысты сақтандыру жарнасының жекелеген тарифтерiн енгізуге мүмкiндiк беретiн ұйымдарды өндiрiстiк тәуекелдiк сыныптары бойынша топтау жүйесi қажет.

VI. Негiзгi бағыттарды жүзеге асырудың

күтіліп отырған нәтижелерi

 

Негiзгi бағыттардың шаралары өндiрiстiк жарақаттану мен кәсiби аурулардың алдын алуға, өндiрiсте салауатты және қауiпсiз еңбек жағдайларын жасауға бағдарланған. Оларды жүзеге асырудың нәтижесiнде өндiрiстi қайта жаңарту мен техникалық қайта жарақтандырудың және жұмыс берушiлердiң салауатты және қауiпсiз еңбек жағдайын туғызуға мүдделiгi мен жауапкершiлiгiн арттырудың есебiнен жұмыс iстеушiлерге зиянды және қауiптi факторлардың әсерлерiн едәуiр төмендету күтiлуде.

Негiзгi бағыттардың шараларын жүзеге асыру:

нарықтық экономиканың талаптарын ескере отырып, еңбектi қорғауды қамтамасыз етудiң принциптi жаңа заңдар және нормативтiк базасын құруға;

мемлекеттік басқару органдары мен кәсiпкерлердiң еңбектi қорғау саласындағы ықпалының экономикалық және құқықтық тетiктерiн жолға қоюға;

өндiрiстiк жарақаттану мен кәсiби аурулардың алдын алу үшiн қажеттi база құруға, еңбектi қорғауды жақсартудың басты шарттарының бірi ретiнде өндiрiстiң техникалық деңгейiн көтеруге;

еңбек қорғау мен ғылыми жетiстiктердi өндiрiске енгізу саласында ғылыми зерттеулердiң көлемiн кеңейтудi қамтамасыз етуге;

еңбек қорғау жөніндегі мамандарды және инженерлiк-техникалық қызметкердi даярлау және олардың біліктілігiн арттыру жүйесiн қалпына келтiруге, еңбек қорғау жөнiнде кәсiби iрiктеудiң және оқытудың тиiмдiлiгiн арттыруға;

республикада, басқа мемлекеттерден сатып алумен бір мезгiлде қауiпсiздiк пен бақылаудың жаңа техникалық құралдары мен аспаптары өндiрiсiн ұйымдастыруға;

жұмыс iстеушiлердi арнаулы киiмдермен, арнаулы аяқ киiмдермен және басқа да жеке басты қорғау құралдарымен қамтамасыз етудi және оларды шығаруды жолға қоюға, еңбекшiлерге арналған жаңа санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар салуды және жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтудi ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi.

Бағдарлы есептер көрсетiп отырғанындай, белгiленген шараларды жүзеге асыру санитарлық-гигиеналық нормативтерге жауап бермейтiн жағдайларда жұмыс iстейтiндердiң санын азайтуға мүмкiндiк бередi. Экономикалық жағынан алып қарағанда негiзгi бағыттарды жүзеге асырудың нәтижелерi жұмыс уақытын өндiрiстiк емес шығындардың, денсаулыққа келтiрiлген залал мен зиянды еңбек жағдайында жұмыс iстегенi үшiн қосымша ақы мен өтемақының айтарлықтай қысқаруынан, өндiрiсте зардап шеккендердi емдеу мен оңалту шығыстарының қысқаруынан көрiнетiн болды.

                                                  1-Қосымша

 

                                                  1 кесте

 

Қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс iстейтiн

қызметкерлердiң саны (1995 жылы)

___________________________________________________________________
     Облыс          |Сала          |Тiзiмдiк саны|Еңбек жағдайлары
                    |              | (мың адам)  |
                    |              |_____________|_________________
                    |              |бар.  |оның  |қолайыз |қолайсыз
                    |              |лығы  |iшiнде|еңбек   |еңбек
                    |              |      |жұмыс.|жағдай. |жағдайын.
                    |              |      |шылар |ларында |дағы жұмыс
                    |              |      |      |жұмыс   |орындары
                    |              |      |      |iстейтiн|(мың
                    |              |      |      |қызмет. |бірлiк)
                    |              |      |      |керлер  |
                    |              |      |      |(мың    |
                    |              |      |      |бірлiк) |
____________________________________________________________________
         1          |       2      |  3   |   4  |    5   |    6
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы              3600,8  2472,4  486,3   190,9
                     1.Өнеркәсiп    1351,8  1042,7  343,6   129,5
                     2.Көлiк және
                       байланыс     598,5   427,0   33,3    12,0
                     3.Құрылыс      344,2   263,7   38,2    16,7
                     4.Кеңшарлар    663,1   544,9   22,0    15,7
                     5.Денсаулық
                       сақтау       643,2   194,1   49,2    17,0
Ақмола                              255,2   181,5   21,4    8,3
Ақтөбе                              155,3   105,1   10,8    4,2
Алматы                              121,3   83,6    6,5     2,1
Алматы қаласы                       247,5   125,5   18,4    7,8
Атырау                              111,6   79,8    8,8     2,2
Шығыс Қазақстан                     215,7   147,0   59,0    33,9
Жамбыл                              201,0   135,5   16,5    6,3
Жезқазған                           139,9   106,2   26,7    8,1
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами