Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясына
арналған ведомстволық статистикалық есеп беру нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық
комиссиясының 1996 ж. 22 қазандағы № 118 қаулысы
(ҚР ҰБ Басқармасының 02.09.02 ж. № 356; ҚР ҚҚА 15.03.04 ж. № 77
қаулыларымен; ҚР ҰБ Басқармасының 12.04.04 ж. № 55, ҚР ҚҚА 12.04.04 ж.
№ 116 бірлескен қаулысымен енгізілген өзгеріст ерімен)
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы № 252 қаулысымен күші жойылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы қаулы етедi:
1. "Бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының есеп беру тәртібі туралы" Нұсқау бекітілсiн.
2. Нұсқаудың орындалысына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы атқарушы аппаратының Бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының қызметiн реттеу басқармасына жүктелсiн.
Ұлттық комиссияның Төрайымы
Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар жөніндегі
ұлттық комиссиясының
1996 жылғы 22 қазандағы
№ 118 қаулысымен бекітілдi
Бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой
қатысушыларының есеп беру тәртібі туралы
НҰСҚАУ
Бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының қызметтерiне бақылау жасауды жүзеге асыру мақсатында жасалған, Бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының есеп беру тәртібі туралы нұсқау (бұдан әрi - Нұсқау) есеп беру, оларды Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияда қарау және қабылдау тәртібін айқындайды.
ҚР ҰБ Басқармасының 02.09.02 ж. № 356 қаулысына сәйкес № 1 "Брокерлік-дилерлік қызметтің қорытындылары туралы есеп" және № 3 "Бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімін жүргізу жөніндегі есеп" нысандары алынып тасталды
I. Жалпы ережелер