Мемлекеттік мекемелердiң бухгалтерлік есебінің жылдық, тоқсандық көлемі
мен нысандары туралы Нұсқаулық бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Қаржы минстрлігінің 1998 ж. 15 мамырдағы № 217 бұйрығы
(ҚР Қаржы министрінің 25.05.99 ж. № 239; 22.05.01 ж. № 267;
19.02.02 ж. № 71; 05.07.02 ж. № 311; 03.03.04 ж. № 100
бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Қаржы министрінің 01.12.04 ж. № 424 бұйрығымен күші жойылды
Бұр. ред. қара
ҚР Қаржы министрінің 19.02.02 ж. № 71 бұйрығымен осы бұйрықтың тақырыбы және 1-тармағы өзгертілді
1. Мемлекеттік мекемелердiң бухгалтерлік есебінің жылдық, тоқсандық көлемі мен нысандары туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. "Бюджетте тұрған мекемелер мен ұйымдардың бухгалтерлік есебінің жылдық, тоқсандық көлемі мен нысандары туралы нұсқаулықты бекіту" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1994 жылғы 30 желтоқсандағы № 329 бұйрығының күші жойылған деп танылсын.
Бірінші
вице-министр
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
1998 ж. 15 маусымдағы
№ 217 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік мекемелердiң бухгалтерлік есебінің жылдық,
тоқсандық көлемі мен нысандары туралы
Нұсқаулық
ҚР Қаржы министрлігінің 25.05.99 ж. № 239; 19.02.02 ж. № 71 бұйрықтарымен нұсқаулықтың мәтіні өзгертілді
1.1. Осы Нұсқаулықпен бухгалтерлік есептің жылдық, тоқсандық нысандарының көлемі белгіленеді және оларды қолданушыға көрсету мақсатымен, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелердің есебін жасаудың негізгі талаптары айқындалады.
1.2. Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер осы нұсқаулықта белгіленген көлемде және нысандар бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы жылдық, тоқсандық есеп жасайды.
1.3. Бухгалтерлік есепті жасау кезінде мынадай талаптар сақталуы тиіс:
- есепті кезеңдегі барлық операциялар көрсеткіштерінің толықтығы және негіздігі;