Авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласында лицензиялық шарттар
мен келісімдерді тіркеу туралы Қазақстан Республикасы
Энергетика, индустрия және сауда министрлігі 1998 жылғы
21 қазандағы № 205 бұйрығы
ҚР Әділет министрінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі № 145 бұйрығымен осы бұйрықтын күші жойылды
"Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Заңды жүзеге асыру, нормативтік-құқық базасын реттеу мақсатында, авторлық құқық саласындағы халықаралық Конвенциялар мен Шарттардың қағидаларын басшылыққа алып, 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабындағы 3-тармақтың 3-тармақшасында берілген өкілеттіктерге сәйкес, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Авторлық құқықтар жөніндегі агенттігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 сәуірдегі № 310 Қаулысының және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қорытындысының негізінде
Бұйырамын:
1. "Туындыларды және сабақтас құқық нысандарын пайдалану үшін жасалған лицензиялық шарттар мен келісімдерді мемлекеттік тіркеу Ережелері" бекітілсін (№ 1 қосымша).
2. Мемлекеттік тіркеу куәлігінің нысаны бекітілсін (№ 2 қосымша).
3. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Авторлық құқықтар жөніндегі агенттігіне лицензиялық шарттар мен келісімдердің міндетті мемлекеттік тіркеуін жүзеге асырып, және мемлекеттік тіркеу куәлігін беру, авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласында жасалған лицензиялық шарттар мен келісімдердің мемлекеттік тізілімін жүргізу жүктелсін.
4. Авторлық құқықтар жөніндегі агенттіктің қызметіне жетекшілік ететін Вице-министр, Агенттік директоры:
1) Ережелерді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте тіркеу үшін осы бұйрық пен Ережелерді табыс етсін;