Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық
шарттарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі № 145 бұйрығы
(2009.05.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 131 Бұйрығымен күші жойылды
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, авторлық құқық саласындағы халықаралық Конвенциялар мен шарттардың принциптерін басшылыққа алып және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 наурыздағы № 411 қаулысы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитетіне лицензиялық шарттарды міндетті мемлекеттік тіркеудің жүзеге асырылуын бақылау, мемлекеттік тіркеу куәлігін бере отырып авторлық құқық пен сабақтас құқықтар саласындағы лицензиялық шарттардың бірыңғай мемлекеттік тізілімін жүргізу жүктелсін.
3. Санаткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитет:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерін тіркеу және оларды бақылау департаментінде тіркеу үшін белгіленген тәртіппен ұсынсын.
2) Нұсқаулықты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрінің «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы лицензиялық шарттар мен келісімдерді тіркеу туралы» 1998 жылғы 21 қазандағы № 205 Бұйрығының күші жойылды деп танылсын.