"Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі тергеу изоляторларының
ішкі тәртібі Ережелерін бекіту туралы" Ішкі істер министрлігі 1999 ж. 14
желтоқсандағы № 630 бұйрығы
(ҚР ІІМ 29.10.01 ж. № 769; 24.05.02 ж. № 360
бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Ішкі Істер министрінің 15.07.04 ж. № 417 бұйрығымен күші жойылды
Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпкерлерді күзетті ұстаудың тәртібімен шарттары Қазақстан Республикасы Заңның 15 бабына сәйкес
Бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасының Ішкіісминінің тергеу изоляторларының ішкі тәртіп Ережелері, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасымен келіскен, бекітілсін (қоса беріліп отыр).
2. ҚАЖ комитетінің төрағасы, облыстардың Астана және Алматы қаласының ІІББ, ІІБ бастықтары:
1) бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаларды атқарушы мекемелердің және тергеу изоляторлары жеке құрамының осы бұйрықпен бекітілген Ережелерді, оқуын ұйымдастырсын және тергеу изоляторларының жұмысын талапқа сай қамтамасыз етсін;
2) бекітілген Ережелер жөнінде сезіктілер мен айыпталушыларды оларға қатысты бөліктерінде кеңінен хабардар ету, сондай-ақ олардың негізгі міндеттерімен және құқықтарымен кеңінен таныстыру шараларын қолдансын.
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі -
Ішкі әскерлер қолбасшысы
| генерал-лейтенант | | | | | | | | | Қ. Сулейменов |
"Келісілді" Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Бас прокурорының орынбасары 1999 жылғы 14 желтоқсан 3-ші дәрежелі мемлекеттік № 630 бұйрығына әділет кеңесшісі N қосымша
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
тергеу изоляторларының ішкі тәртіп
Ережелері
ҚР Ішкі істер министрінің 29.10.01 ж. № 769 бұйрығымен Ережелердiң барлық мәтiнi бойынша "күзет қамауына алынған адамдар" деген сөздер "сезiктiлер мен айыпталушылар" деген сөздермен ауыстырылды
1. Жалпы ережелер