«Балалар үйi қызметiн ұйымдастырудың ережелерiн» және «Балалар үйiне балаларды қабылдаудың және одан шығарудың ережелерiн» бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігі төрайымының 2000 жылғы 6 маусымдағы № 228 бұйрығы
(2007.10.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 206 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылдың 18-шi мамырындағы «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын жақсарту жөніндегі алдыңғы шаралар туралы» жарлығын орындауда және балалар үйлерiнiң жұмысын ұйымдастыруды жақсарту мақсатында бұйырамын:
1. Төмендегiлердi бекіту:
1) Балалар үйi қызметiн ұйымдастырудың ережесi (1 қосымша);
2) Балалар үйiне балаларды қабылдаудың және одан шығарудың ережесi (2 қосымша).
3) Балалар үйiнiң медициналық, педагогикалық, аспазшылық персоналының штаттық норма мөлшерi (3 қосымша).
2. Сақтау (департаменттерiнiң) басқармаларының басшылары, балалар үйi жетекшiлерi нағыз бұйрықты басшылыққа алуды және үздiксiз орындауды.
3. Қазақ ССР-ның Денсаулық сақтау министрлігінiң 15.06.92 жылғы № 292 Балалар үйi жөніндегі қағида және Балалар үйiне балалардың қабылдану тәртібі мен одан шығарылуы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы бұйрығының күшi жойылды деп саналсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау төрайымның бiрiншi орынбасары С. Ыбыраевқа жүктелсiн.
Төрайым
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау ісі жөніндегі
агенттігінің 6.06.2000 ж.
№ 228 бұйрығына
№ 1 қосымша
Балалар үйi қызметiн ұйымдастырудың ережесi
1. Балалар үйіндегі балалардың құрамы
ҚР Денсаулық министрінің 19.02.02 ж. № 181 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді
1. Балалар үйi жетiм және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, некесiз жас анадан туылған балаларға, сонымен қатар ақыл-ой және дене дамуында ақаулықтар кездесетiн балаларға медициналық көмек көрсетiп, тәрбие беруге арналған денсаулық сақтау мекемесi болып табылады.