Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының Ішкіісмині оқу орындарының бітірушілерін дербес бөлу және жас мамандармен жұмыс ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 12 желтоқсандағы № 692 бұйрығы (2006.20.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 12 декабря 2000
Статус
Утратил силу
утратил силу с 7 августа 2013

Қазақстан Республикасының Ішкіісмині оқу орындарының бітірушілерін дербес бөлу және жас мамандармен жұмыс ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 12 желтоқсандағы № 692 бұйрығы

(2006.20.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі № 220 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Ішкіісмині оқу орындарының бітірушілерін дербес бөлуді қамтамасыз ету, олардың қызметке дер кезінде келуін және жас мамандармен жұмысты сапалы ұйымдастыру үшін оларды мамандықтары бойынша пайдалануға бақылауды күшейту мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ішкіісмині оқу орындарының бітірушілерін дербес бөлу және жас мамандармен жұмысты ұйымдастыру туралы нұсқаулық бекітілсін.

ҚР Ішкі істер министрінің 2006.20.04. № 184 Бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. ІІД, көліктегі ІІД бастықтары:

1) осы бұйрықтың талаптарын кадр аппараттарының орындауын жеке бақылауға алсын;

2) бітірушілерді қызметте тек мамандықтары бойынша және жоғары және орта арнайы білімі бар мамандардың орнын ауыстыруға жататын лауазымдар тізбесіне сәйкес пайдалансын;

3) бітірушілерге күнделікті қамқорлық көрсетіп, оларға тиісті тұрмыстық жағдай жасасын, сонымен бірге олардың ішкі істер органдарындағы қызметке қалыптасуы мен бекітілуін мейлінше жеделдетуге қол жеткізіп, оларға тәлімгерлерді бекітсін.

3. Қазақстан Республикасының Ішкіісмині оқу орындарының бастықтары:

1) мүдделі тараптарды қатыстыра отырып, дербес бөлу жөніндегі комиссияның уақтылы және тиімді жұмысын қамтамасыз етсін;

2) ішкі істер органдары үшін кадрлар даярлауды жетілдіру мақсатында жас мамандар жұмыстарының нәтижесі бойынша ІІББ, ІІБ және КІІБ басшылығына пәрменді екі жақты байланысты ұйымдастырсын.

4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер вице-министрі генерал-майор Б.С. Сәрсековке жүктелсін.

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрі -

Ішкі әскерлер қолбасшысы

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом