Введите номер документа
Прайс-лист

Екінші деңгейдегі банктердің Бас бухгалтерлік кітабын жасауға арналған Бухгалтерлік есептің толық есепшот жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 ж. 24 тамыздағы № 325 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 24 августа 2000
Статус
Утратил силу

Екінші деңгейдегі банктердің Бас бухгалтерлік кітабын жасауға
арналған Бухгалтерлік есептің толық есепшот жоспарын бекіту
туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
2000 ж. 24 тамыздағы № 325 қаулысы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 ж. 30 шілдедегі № 274 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды

Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына көшуін алдағы уақытта қамтамасыз ету шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Екінші деңгейдегі банктердің Бас бухгалтерлік кітабын жасауға арналған Бухгалтерлік есептің толық есепшот жоспары бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап 90 күн өткен соң енгізілсін.

2. Бухгалтерлік есеп департаменті (Рахметова С.К.):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Екінші деңгейдегі банктердің Бас бухгалтерлік кітабын жасауға арналған Бухгалтерлік есептің толық есепшот жоспарын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап екі апталық мерзімде осы қаулыны және Екінші деңгейдегі банктердің Бас бухгалтерлік кітабын жасауға арналған Бухгалтерлік есептің толық есепшот жоспарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.

3. Екінші деңгейдегі банктер Бас бухгалтерлік кітап есепшотының құрылымын Екінші деңгейдегі банктердің Бас бухгалтерлік кітабын жасауға арналған Бухгалтерлік есептің толық есепшот жоспарының талаптарына сәйкес келтіретін болсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ. Абдулинаға жүктелсiн.

Ұлттық Банк

Төрағасы


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2000 жылғы 24 тамыздағы

№ 325 қаулысымен

БЕКІТІЛГЕН


Екінші деңгейдегі банктердің

Бас бухгалтерлік кітабын жасауға арналған

бухгалтерлік есептің толық есепшот жоспары

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами