Екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың Бас бухгалтерлік кітабын жасауға арналған Есепшоттары
толық көрсетілген бухгалтерлік есептің үлгі есепшот жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 ж. 30 шілдедегі № 274 қаулысы
(2010.29.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 81 қаулысымен күші жойылды
ҚР ҰБ Басқармасының 01.09.03 ж. № 325 (бұр. ред. қара); 2006.05.06. № 49 (бұр.ред.қара); 27.08.2007 № 98 (ҚР Әділет мин. мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) қаулыларымен атауы және кіріспесі өзгертілді
Екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың бухгалтерлік есебін жетілдіре түсу және қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына көшуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
ҚР ҰБ Басқармасының 01.09.03 ж. № 325 (бұр. ред. қара); 2006.05.06. № 49 (бұр.ред.қара); 27.08.2007 № 98 (ҚР Әділет мин. мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың Бас бухгалтерлік кітабын жасауға арналған Есепшоттары толық көрсетілген бухгалтерлік есептің үлгі есепшот жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енгізіледі.
3. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің Бас бухгалтерлік кітабын жасауға арналған Бухгалтерлік есептің толық есепшот жоспарын бекіту туралы» 2000 жылғы 24 тамыздағы № 325 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;