Ауыл шаруашылығы дақылдарының элиталық тұқым шаруашылығын мемлекеттік
қаражаттандырудың ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2001 жылғы 30 наурыздағы № 78 бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 ақпандағы № 10-1/52 бұйрығымен күші жойылды
«Астық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн, жануарлары мен микроорганизмдерiн сақтаудың, дамытудың және пайдаланудың 2001-2005 жылдарға арналған республикалық мақсаттық бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 1 тамыздағы № 1167 қаулысына сәйкес, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi ауыл шаруашылығы дақылдарының жоғары сапалы тұқымдарымен қамтамасыз ету және элиталық тұқым шаруашылығын мемлекеттік қаражаттандыруға республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаржының тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Ауыл шаруашылығы дақылдарының элиталық тұқым шаруашылығын қаражаттандырудың ережесi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң облыстардағы аумақтық басқармалары:
элиталық тұқымдардың өндiрiлуiн, өткiзiлуiн және бекітілген квоталарға сәйкес пайдаланылуын қатаң бақылауды;
бекітілген Ережеге сәйкес қаржы алуға қажеттi құжаттардың элиталық-тұқым шаруашылықтарына уақытылы берiлуiн қамтамасыз етсiн.
3. Егiншiлiк және Астық департаменттерi берiлген құжаттардың ресiмделуiнiң дұрыстығын бақылауды қамтамасыз етсiн, сондай-ақ осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Вице-Министр А.И. Мырзахметовке жүктелсiн.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде Мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
Министр
Келісілді Қазақстан Республикасы