Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылғы министрлігінің 2012 жылғы 13 ақпандағы № 10-1/52 бұйрығы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Ә. Жеңісов) осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне бір апталық мерзімде жолдасын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрінің
2012 жылғы 13 ақпандағы
№ 10-1/52 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің күші жойылды деп танылған бұйрықтардың
тізімі
1) «Ауыл шаруашылығы дақылдарының элиталық тұқым шаруашылығын мемлекеттік қаражаттандырудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2001 жылғы 30 наурыздағы № 78 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1491 тіркелген, 2001 жылғы № 23, 409-құжат Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған);
2) «Өсімдіктер карантині бойынша фитосанитариялық бақылауға алынатын карантинге жатқызылатын негізгі өнімнің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 30 мамырдағы № 166 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1898 тіркелген);