Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi
банктердiң халықаралық стандарттарға өту тәртібі туралы" ереженiң жаңа
редакциясын қабылдау туралы" 1996 жылғы 12 желтоқсандағы № 292 қаулысына
және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi
деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өтуiнiң мәселелерi
жөнiнде" 2001 жылғы 14 ақпандағы № 32 қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы № 567 қаулысы
ҚР ҚҚА Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 305 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өтуiнiң тәртібі туралы" ереженiң жаңа редакциясын қабылдау туралы" 1996 жылғы 12 желтоқсандағы № 292 қаулысына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өтуiнiң мәселелерi жөнiнде" 2001 жылғы 14 ақпандағы № 32 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
3. Банктердi және сақтандыруды қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.