Бағалы қағаздар рыногында жұмыс істейтін мамандарды аттестациялау
ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының 2002 ж. 8 мамырдағы № 153 қаулысы
ҚР ҚҚА Басқармасының 12.06.04 ж. № 158 қаулысымен күші жойылды
Бағалы қағаздар рыногында жұмыс істейтін мамандарды даярлау мен аттестациялау жүйесін жетілдіру және бағалы қағаздар рыногында қалыптасып отырған қатынастарды мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Бағалы қағаздар рыногында жұмыс істейтін мамандарды аттестациялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
3. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Бағалы қағаздар рыногында жұмыс істейтін мамандар даярлау жөніндегі курстардың тыңдаушыларын аттестациялау туралы ереже" 1996 жылғы 2 ақпандағы № 15 және "Аттестациялау ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 23 ақпандағы № 26 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
4. Бағалы қағаздар нарығын реттеу департаменті (Шалғымбаева Г.Н.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Ережені бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушыларының өзін-өзі реттейтін ұйымдарына және заңды тұлғалардың "Оқу орталықтарының қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы бірлестігіне жіберсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 жылғы 8 мамырдағы
№ 153 қаулысымен
бекітілген
Бағалы қағаздар рыногында жұмыс істейтін мамандарды
аттестациялау ережесі