Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылау жасау құқығын иемденуге
рұқсат беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі Басқармасының 2002 ж. 3 маусымдағы № 207 қаулысы
(ҚР ҰБ Басқармасының 02.12.03 ж. № 416; ҚР ҚҚА Басқармасының
2004.27.10. № 323 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006.09.01. № 20 Қаулысымен күші жойылды
"Сақтандыру қызметi туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 126-II ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылау жасау құқығын иемденуге рұқсат беру ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
3. Банктердi және сақтандыруды қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне және аумақтық филиалдарына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жiберсiн.