"Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебінің жылдық, тоқсандық көлемі
мен нысандары туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1998
жылғы 15 мамырдағы № 217 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің
2002 ж. 5 шілдедегі № 311 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы № 424 бұйрығымен күші жойылды
"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
"Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебінің жылдық, тоқсандық көлемі мен нысандары туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1998 жылғы 15 мамырдағы № 217 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебінің жылдық, тоқсандық көлемі мен нысандары туралы нұсқаулықта (бұдан әрі - Нұсқаулық):
1.4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің (төмен тұрған лимиттерді бөлушінің немесе нақты мемлекеттік мекеменің) қаржыландыру жоспарының орындалуы жөніндегі бухгалтерлік есепке өзгерістер енгізген жағдайда, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі есептілігіне өзгерістер енгізілген ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге басшы мен бас бухгалтердің қолдарымен өзгерістер енгізу себептерін көрсете отырып, енгізілген өзгерістер туралы жазбаша хабарлама жіберуге міндетті.
Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің енгізген өзгерістеріне сәйкес төмен тұрған лимиттерді бөлуші өз бухгалтерлік есебінің данасына және аумақтық Қазынашылық органында сақталатын есептің данасына, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекеме есебінің данасына тиісті өзгерістерді енгізуге және есептілігіне өзгерістер енгізілген мемлекеттік мекемеге ол туралы жазбаша хабарламаны өзгерістер енгізілген сәттен бастап 10 күн ішінде жіберуге міндетті.