Арнайы рұқсаттарға бақылау талондары туралы Қазақстан РеспубликасыныңКөлік және коммуникациялар министрлігі
Көліктік бақылау комитетініңтөрағасының 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 73-п бұйрығы
ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 шілдедегі № 571 бұйрығымен күші жойылды
Арнайы рұқсаттар мен олардың түбiршектерiнде көрсетiлген iрi көлемдi және ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алынатын алым сомаларының сәйкес келмеуiнiң орын алған жағдайларының алдын алу мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Арнайы рұқсаттарға нөмiрлерi бойынша сәйкес келетiн бақылау талондары Қазақстан Республикасының жолдары бойынша iрi көлемдi және ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiне арнайы рұқсаттардың ажырамас бөлiгi болып саналсын.
2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының жолдары бойынша iрi көлемдi және ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiне арнайы рұқсаттарға бақылау талондарының бланкiлерiн толтыру және беру тәртібі бекітілсiн.
3. «Арнайы рұқсаттарға бақылау талондары туралы» Көлiктiк бақылау комитетiнiң 2001 жылғы 26 шiлдедегi № 56-п бұйрығының күшi жойылды деп есептелсiн.
4. Автомобиль көлiгiнде және автожолдарда бақылау басқармасы (Қ.Н.Омаров) осы бұйрықты заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне мемлекеттік тiркеуге ұсынсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Көлiктiк бақылау комитетi төрағасының орынбасары М.Х.Бектеповке жүктелсiн.
6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткен кезден бастап қолданысқа енедi, таныстыру мен таратуға жатады.
Комитет төрағасы
Көліктік бақылау комитеті
төрағасының 2002 жылғы 11
қыркүйектегі № 73-п бұйрығымен
бекітілген