Түркология саласындағы үздік жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлықты
берудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым Министрлігінің 2002 ж. 25 қыркүйектегі № 698/1 бұйрығы
(2005.19.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 мамырдағы № 685 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 наурыздағы № 383 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Түркология саласындағы үздік жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлықты берудің тәртібі туралы ереже бекітілсін (1-қосымша).
2. Ғылым департаменті (В.В.Могильный) осы бұйрықты заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
4. Бұйрықтың орындалуын бақылау Ғылым департаментінің директоры В.В.Могильныйға жүктелсін.
Министрдің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2002 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 698/1 бұйрығына
1-қосымша
Түркология саласындағы үздік жетістіктері үшін
Күлтегін атындағы сыйлықты берудің тәртібі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Түркология саласындағы үздік жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлықты беру туралы ереже "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 мамырдағы № 685 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 наурыздағы № 383 қаулысын орындау үшін әзірленді.
2. Түркология саласындағы үздік жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлық (бұдан әрi - сыйлық), ғылыми қоғамда қабылданып алынған түркология саласындағы үздік жетістіктері, үлкен теориялық және практикалық маңызы бар ашылымдары үшін жыл сайын конкурстық негізде беріледі.
3. Сыйлыққа ұйымдардың ғылыми (ғылыми, ғылыми-техникалық, техникалық) кеңестерінде жан-жақты талқылаудан өткен, конкурс жарияланғанға дейінгі жылды қоса соңғы 5 жылда орындалып, жарияланған жұмыстар ұсынылады.